ТҮЛКІБАС: КОЛЛЕДЖДЕ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі ҚР БжҒМ-нің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына» сәйкес, 2022-2023 оқу жылына талапкерлерді қабылдау басталды.

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі мемлекеттік тапсырыс (грант) негізінде 2022-2023 оқу жылына төмендегі мамандықтар бойынша талапкерлерді оқуға шақырады!

*06130100 – Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

*07211300 – Тағам өндірісінің технологиясы

*08410100- Ветеринария

*10130100 — Қонақ үй бизнесі

*10150100 — Туризм.

*10410300– Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

*07230100 – Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

*07150500- Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша).

*07130100 — Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)

*07161300– Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

Оқуға түсу үшін мынадай құжаттар тапсыру керек:

  1. Білім жөніндегі құжат (түпнұсқа)
  2. ТУУ туралы куәлік және ЖСН көшірмесі
  3. 075 – У үлгідегі дәрігерлік анықтама
  4. Көлемі (3х4) 4-дана фотосурет

Колледж мекен жайы: 161300, Түркістан облысы,

Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, О. Сейдалиев көшесі № 3-үй.

Байланыс сымтетіктері: 5–24–78,

+77751319393

 

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің студенттері соңғы үлгідегі құралдармен еркін жұмыс істей алады. Себебі білім ордалары «Жас маман» жобасы арқылы тың серпін алып отыр. Елбасының тікелей тапсырмасымен еліміздің барлық аймақтарында игі бастама қарқынды жүзеге асуда.

Колледж алға қойған  мақсаты – Қазақстанның коммуникативтік-ақпарат жағдайында техникалық және кәсіптік білім саласындағы саңлағы атану. Түлектерге бәсекеге қабілеттілік пен сұранысты қамтамасыз ететін озық технологияларға негізделген жаңа тәжірибені қалыптастырып және оны дамыту.

 

Аталмыш оқу орнының құрылу тарихына көз жүгіртсек.  1963 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитеті және министрлер кеңесінің  19 шілдедегі № 571 қаулысына сәйкес ҚазССР  ауылшаруашылық министрлігі-нің № 164 бұйрығы бойынша «Ванновка ауылшаруашылығын механикаландыру» техникумы құрылды.

          Техникум құрамында үш бөлім ашылды:

«Ауылшаруашылығын механикаландыру», «Гидромелиорация», «Гидромелиоративтік жұмыстарын механикаландыру».

          1966 жылы техникум Ауылшаруашылығы министрлігінің   ҚазССР мелиорация және су шаруашылығы министрлігіне берілуіне байланысты «Ванновка гидромелиоративтік техникум» болып қайта құрылды.

         1990 жылы ҚазССР мемлекеттік агроөнеркәсіп комитетінің № 195 бұйрығы бойынша «Ванновка»  агроөнеркәсіп техникумы болып аталды.

         1995 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік мүлік комитетінің № 198 бұйрығы бойынша Ванновка агроөнеркәсіп техникумы Түлкібас жоғарғы колледжі болып өзгертілді.

         1997 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сай № 1250 бұйрығы бойынша «Түлкібас жоғарғы колледжі» «Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» болып өзгертілді.

Оқу орнында төмендегі азаматтар директор қызметін атқарған:

Бірінші директор қызметін атқарған Костюченко Михаил Николаевич.  1963-1970 жж

Екінші – Қалғынбаев Сәкімбек Шайықұлы 1970-1977, 1985-1989 жылдар аралығында директор қызметін атқарған.

Алғабаев Әсілбек Ілейбайұлы 1977-1985 жылдар аралығында директор қызметін атқарған.

Анашев Қаулаубек Анашұлы – 1989-2009 жылдар аралығында директор қызметін атқарған.

Нысанов Габит Турсынбаевич – 2009-2015 жылдар аралығында директор қызметін атқарған.

Адилбеков Сержан Жаксылыкулы 2016 жылдын 18 наурызынан бастап қазіргі уақытта Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің директоры қызметін атқарып келеді.

           Қазіргі таңда Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі Қазақстан Республикасының білім стандарттары талаптарына сай жаңа үлгідегі орта және кәсіптік білім беретін оқу орны.

           Мемлекеттік  сериясы  АА  № 0000291 лицензиясы шектеусіз қызмет ету мерзіміне берілген.

Колледждің материалдық-техникалық базасына келер болсақ,  қазіргі заман талабына сай жабдықталған 2 оқу ғимараты, 2 оқу-өндірістік шеберхана,  400 орындық  жатақхана, 300  орындық акт залы,   68 мың    кітап қоры бар кітапхана, спорт залы, оқу кабинеттері: «Жалпы білім беру» ПЦК -14 оқу кабинеті, 1- зертханалық кабинеті, «Әлеуметтік – экономикалық пәндер» ПЦК — 14 оқу кабинеті, 2 – зертханалық кабинеті, «Кәсіптік техникалық пәндер» ПЦК — 11 оқу кабинеті, 4 — зертханалық кабинеті , «Арнайы пәндер» ПЦК —  13 оқу кабинеті, 4 – зертханалық кабинеті , «Кәсіптік оқыту» ПЦК — 7 оқу кабинеті, 3- оқу шеберхана, асхана, медициналық пункт жұмыс істеуде. Сапалы білім беру мақсатында оқу кабинеттері  жаңа технологиялық оқу жабдықтарымен толықтырылуда: 10 интерактивті тақта, мультимедиялық проекторлар, 7 компьютер кластары, 120 компьютер оқу процесінде кеңінен қолданылуда. Саламатты өмір салтын ұстану мақсатында спорт алаңдарымыз, тренажер залымыз да өз қызметтерін ұсына алады. 

            Бүгінгі таңда Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде 102 оқытушы, 24 оқу өндірістік шеберлер табысты еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеуде аянбай  тер төгіп келе жатыр. Олардың  ішінде 15 жоғарғы санатты, 26 бірінші санатты, 30 екінші санатты оқытушылар, санаты жоқ оқытушылар саны 31,  4 — ғылым магистрлері.

         Колледжде студенттерді оқу-өндірістік тәжірибеден өткізу барысында да инновациялық технологиялар жолға қойылып, теория мен практиканы ұштастыра отырып, студенттердің сапалы білім алуларына мүмкіндіктер жасалған. Бұл мақсатта колледжіміз «Әлеуметтік серіктестік» жобасы бойынша бірнеше жұмыс беруші ұйымдармен келісім-шарт жасасқан. Атап айтқанда, «Майлыкент сүт» СТК, «Ережеп ата» мәдени-сауықтыру кешені, «Т.Рысқұлов автобус паркі» ЖШС, «Аудандық ветеринарлық қызмет» МКК, «Мақұлбек» ЖШС  мекемелерімен келісім-шарт жасалып, аталған мекемелерде болашақ мамандарымыз теориялық білімдерін тәжірбие жүзінде пайдалануға машықтануда. Сонымен қатар ауданымыздағы басқа да 20-дан астам ЖШС, ЖК, ШҚ, АҚ –дармен де келісім-шарт жасалып, бірлесе маман дайындауда. 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.