ТҮРКІСТАН: «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары

«Қазақстан халқына» қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар мен шәкіртақылар беруге конкурс жариялайды. Бағдарлама 2022-2023 оқу жылында жүзеге асырылады.
Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға шәкіртақы төленетін гранттар береді.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының гранттары мен шәкіртақысына үміткерлер (түлектер) өзі таңдаған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына 10 тамыздан бастап 17 тамыз аралығында өтінім береді. Бағдарлама туралы толық ақпаратты «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының: https://qazaqstanhalqyna.kz/ru/programs.html сайтынан табуға болады.
Сондай-ақ Қор ЖЖОКБҰ-ң ақылы бөлімдерде оқитын студенттеріне Қордың қаражаты есебінен оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан грант пен шәкіртақы алу үшін студенттер 1 тамыздан бастап 15 тамыз аралығында «Taiburyl» ҚБ-ң https://www.taiburyl.kz/ сайтына онлайн-өтінім береді.

Тілге тиек етейік, 2022 жылдың 11 қаңтарында Мемлекет басшысы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырды. Қордың құрылған ұжымы бір ай ішінде қоғам, үкіметтік емес ұйымдар, тиісті министрліктер өкілдерімен фасилитативтік сессиялар мен талқылаулар өткізді.

Осы талқылаулардың нәтижесінде мүдделі тараптардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған және Қазақстан халқына көмек көрсетудің тиімді құралына айналған Қор тұжырымдамасы жарық көрді. Тұжырымдама аясында Қор қызметінің негізгі бағыттары мен Қорға түсетін қаражат есебінен басым қолдау көрсетілетін халықтың негізгі санаттары анықталды.

Қор қызметтің жекелеген салаларында ғана көмек көрсетеді, атап айтқанда: денсаулық сақтау, білім беру, спорт, төтенше жағдайлардың салдарын жою. Қор қызметiнiң бағыттары Қазақстан Республикасының әлеуметтiк дамуының барынша назар аударуды қажет ететiн және Республика халқы үшiн барынша көп әлеуметтiк нәтиже беретiн басым бағыттарына сәйкес келедi.

Қор халыққа екі бағытта көмек көрсетеді:

  • Атаулы көмек
  • Жүйелі көмек
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.