ТҮРКІСТАН: КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

Ахмет Ясауи Колледжінің 2022 жылғы түлектеріне диплом тапсыру салтанаты өтті. Биыл оқу орнын 300-ге жуық білім алушы тәмәмдады. Салтанатты шараға үздік диплом иегерлері, WorldSkills-2022 облыстық чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, білім байқаулары мен спорттық жарыстарда топ жарғандар, колледж қабырғасында өзін белсенді танытқан бітірушілер шақырылды.

Диплом табыстау рәсімін Ахмет Ясауи Университетінің академиялық істері жөніндегі вице-ректоры Элмира Қайсарбайқызы Идрисова салтанатты ашып, түлектерге құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар, іс-шараға биылғы түлектерді жұмысқа қабылдаған мекеме басшылары мен өкілдері шақырылды. Атап айтқанда:

Түркістан қалалық ветеринария бөлімі МКҚК басшысы — Момбеков Әбілқайыр;

Түркістан облысының Әділет департаментінің өкілдері — Бейсебек Гүлсезім, Құралай Мырзатаева;

«КӘУСАР» шайханасының басшысы — Абиева Қатира;

«RIXOS TURKISTAN» қонақ үйі ресторанының шеф-повары — Ахметшин Марат;

Облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы — Төлебаев Ерасыл.

20-дан астам түлегіміздің практика барысында білікті маман ретінде білімі мен қабілеттерін көрсетіп, осы мекемелерге жұмысқа қабылданғаны біз үшін үлкен мақтаныш. Жұмыс берушілер жұмысқа қабылданған түлектерге дипломдарды өздері табыстады.

Кеш соңы түлектерге арналған мерекелік іс-шараға ұласты.

Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің филиалы ретінде 2006 жылы ашылды. Аталған оқу орны ХҚТУ-нің 2001 жылы құрылған «Түркістан» колледжі филиалының және 2006 жылы құрылған «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі» мекемесінің қызметтерін құқықтық иеленуші (жалғастырушы) болып саналады. 2012 жылы колледждің ережесіне университет Сенаты шешімімен өзгерістер енгізіліп, университет президентінің бұйрығы негізінде аталған соңғы екі заңды тұлғаны жабу туралы шешім қабылданды және 2013 жылы олар заңды түрде жабылды.

  • «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі университеттің №0137408 сериясы АБ мемлекеттік лицензиясына алынған қосымшалар негізінде техникалық және кәсіптік білім берудің келесі мамандықтары бойынша мамандар дайындайды:
  • 06120100 — «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер»
  • 06130100 — «Бағдарламалық қамтамасыз ету»
  • 0201000 — «Құқықтану»
  • 04110100 — «Есеп және аудит»
  • 02120200 — «Киім дизайн»
  • 08410100 — «Ветеринария»
  • 01140500 — «Дене тәрбиесі және спорт»
  • 10130300 — «Тамақтандыру ұйымдастыру»
  • 07210300 — «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі»
  • 07211300 — «Тағам өндірісінің технологиясы»

Колледж Тәуке хан даңғылы №280 мекен-жайында орналасқан университеттің №7 оқу ғимаратын пайдаланады. Мұнан басқа: университетке қарасты Ботаникалық бау, Виварий, Орталық ғылыми кітапхана және университеттің басқа да инфрақұрылым нысандарын колледж студенттерінің пайдалануына мүмкіндіктер жасалған. Оқу процесін жетілдіру мақсатында жаңа үлгідегі компьютерлер және интерактивті тақталармен жабдықталған сыныптар, «Тігін технологиясы», «Компьютер жөндеу» шеберханалары бар және қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнан басқа: «Химия», «Физика», «Тағам дайындау технологиясы», «1С: Бухгалтерия», «Жануарлар анатомиясы мен физиологиясы», «Мал дәрігерлік хирургия» және т.б. зертханалары жұмыс істейді. «Ветеринария» мамандығының студенттері тәжірибелік сабақтарды жүргізу мақсатында университет «Виварийінде» ірі қара және уақ малдар асырайды.

Колледж 2011 жылы «Turkish Standards Institution» мекемесінің сапа менеджменті жүйесі сертификатына ие болды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.