
Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті осы жылдың маусым, шілде айларында мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымы басшыларымен семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңесте 2021 жылдан бері жаңа талаптарға сәйкес өтіп жатқан мемлекеттік аттестаттаудың ерекшеліктері сөз болды.
Сондай-ақ, білім беру ұйымы басшыларына мемлекеттік аттестаттау жүргізілгенге дейін өзін-өзі бағалау құжаттарын мерзімінен кешіктірмей ұсыну, «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына» сәйкес ұсынылатын құжаттарды ресми сайттарына немесе интернет-ресурстарына жариялап қою (сілтемесін өзін-өзі бағалау қорытындысына жазып көрсету) және сыбайластыққа жол бермеу мақсатында алдын алу шараларын жүргізу, болдырмау міндеттемелері айтылды.
Семинар-кеңес соңында білім беру ұйымы басшылары түрлі сұрақтар қойып, қажетті жауаптарды алды.
825326 891115Just a smiling visitor here to share the adore (:, btw outstanding style . «Audacity, a lot more audacity and always audacity.» by Georges Jacques Danton. 331116
307445 489775Hello DropshipDragon provides dropping for quality, affordable products direct from China to your customers. Perfect for eBay sellers and website owners alike! 143726