ТҮРКІСТАН: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы18 қазандағы №578 бұйрығына (өзгеріске енгізілген 2022 жылдың 25 шілде №311 бұйрық) сәйкес шығармашылық даярлықты талап ететін мамандықтарға оқуға түсетін адамдар үшін талапкерлерден оқуға өтініштерін қабылдау күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында жүзеге асырылды.

Білім беру ұйымдарында шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша шығармашылық емтихандарды өткізу үшін емтихан комиссиялары құрылып, нәтижелері мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін ақпарттық жүйеге жіберілді.

Конкурс білім туралы құжатқа сәйкес міндетті пәндердің және колледж өткізілген шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша қабылдау квотасын ескере отырып өткізілді.

Конкурстық балл арқылы талапкерлердің автоматты түрде мемлекеттік тапсырыс белгіленген орындарға бөлуді облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасымен айқындалған SmartNation College ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылды.

Нәтижесінде өтініш білдірген 317 талапкер арасында өткізілген конкурс нәтижесімен 225 жас студент атанып отыр!

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.