Колледж 2001 жылы Түркістан қаласындағы №21 кәсіптік мектептің филиалы болып ыңғайластырылған ғимаратта 91 білім алушы және 27 қызметкер мен жұмыс бастаған. Бүгінгі таңда барлық жағдайлармен қамтылған типтік ғимаратта 346 студент білім алуда, 49 инженер-педагогтар, 40 штаттық қызметкерлер жұмыс істейді. Колледждің басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласына біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап, ауылымыздың , еліміздің әлеуметтікэкономикалық тұрғыда өркендеуіне үлес қосу. Колледж ұжымы жастарды кәсіпке баулау, салауатты өмір салтын қалыптастырып, оларға жан жақты білім беру жолында аянбай қызмет атқару.
«Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» МКҚК-ның 2021–2025 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, елдің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына, «Жас маман» жобасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының талаптарын ескере отырып құрастырылған және ұлттық кәсіби стандарттар мен халықаралық талаптарды ескеретін жаңа білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауға бағытталған.
Студенттердің өндірістік іс-тәжірибесін жақсы деңгейде ұйымдастыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Осы мақсатпен 50-ден астам кәсіпорындармен әлеуметтік келісім-шарттар жасалған. Оқу өндіріс және өндірістік тәжірибе уақытында студенттерге техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізіліп хаттама толтырылып тұрады. Өндірістік іс-тәжірибе уақытында студенттер тарапынан күнделіктер толтырылып барылады. Кәсіпорындар өндіріс іс-тәжірибе кезінде оқушылар үшін тәжірибелі тәлімгер бекітіп береді. Өндірістік іс-тәжірибе аясында жұмыс беруші ұйым студенттерге өндірістік мінездеме беріп, онда студенттерге біліктілігі ұсынылады. 2018-2019 оқу жылында студенттердің іс-тәжірибеден өткен орындары:
- «Ауыл шаруашылығы ӛндірісіндегі тракторшы-машинист» біліктілігі бойынша ІІІ-курс №1-16 тобы студенттері «Түркістан-Мақта» ЖШС, «Хабиб-ата», «Ирискул ата», «Пайзи ата» шаруа қожалықтарымен жасалынған келісім шарт негізінде 720 сағаттық кәсіптік практикадан өтуде.
- «Электр жабдықтарына қызмет көрсету электр монтер» біліктілігі бойынша ІІІ-курс №2-16 тобы, «Оңтүстік — Жарық транзит» Иқан бөлімшесі, және Ибата бөлімшесі, «Турсунназар ата»,«ЯССЫ құрылыс» ЖШС, «Алихан ата», «Тажинса ана» кәсіпорындарымен жасалынған келісім шарт негізінде 720 сағаттық кәсіптік практикадан өтті.
- «Құрылыс шебері» біліктілігі бойынша ІІІ-курс № 3-16 тобы студенттері «Элмурад», «Нурхан», «Абдикадир» шаруа қожалығы, «Раимберди ата», «Маматраимов Р» жеке кәсіпкерлер цехтарымен жасалынған келісім шарт негізінде 948 сағаттық кәсіптік практиканы өтті.
- «Аспаз» біліктілігі ІІІ-курс № 4-16 тобы студенттері «Аминжон», «444»,«Бостон Камалов сауда орталығы», « Ақ көгершін» бала бақшасы және «Керуен сарай» ЖШС мен жасалынған келісім шарт негізінде 828 сағаттық кәсіптік практикадан өтті.
Колледж кітапхана қорында жалпы 13 172 дана кітап бар. Оның ішінде оқулықтар 8356 дана, мамандықтар бойынша арнайы пән оқулықтары — 3476 дана, жалпы білім беру пәндері бойынша – 4880 дана, электронды оқу құралы 145 дана. Кітапхана ауданы 98,3 ш.м, кітап сақтайтын бір бӛлменің ауданы 31,90 ш.м, оқу залының ауданы 66,40 ш.м, оқырман залының сыйымдылығы 30 орындық. Негізгі оқу әдебиеттерінің қор сапасы барлық мамандықтар бойынша кадрларды дайындау үшін сәйкес келеді.
Колледж жетістіктері Нығайтылған және заманауи материалды-техникалық базасы бар. Барлық мамандықтарға арналған тәжірибелік-зертханалық алаңдар бар.
Колледжіміз ұстаздары және білім алушылары түрлі денгейдегі байқауларға қатысып, жұлделі орынларды иеленіп келеді. Атап айтсақ, мамандықтары бойынша 2018 жылы 3-курс 3-15 тобының студенті Ирисбаев Сардор «Ағаш ұстасы» құзыреттілігі бойынша «WORLDSKILLS-2108» облыстық кәсіби шеберлік байқауына қатысып 1-орын, аймақтық Қызылорда облысы, Жамбыл областы, Оңтүстік Қазақстан облытары студенттері қатысқан жарыста Гран При жеңіп, Республикалық WorldSkills чемпионатына жолдама алды. 2019 жылы Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледждің 3-курс 3-16 тобының студенті Бабанов Мухаммадали «Ағаш ұстасы» құзыреттілігі бойынша «WORLDSKILLS-2019» облыстық кәсіби шеберлік байқауына қатысып 3-орын иеленді.2020 жылы 1-курс 5-18 тобының студенті Хаджиев Абдуқодир Түркістан облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» құзыреттілігі бойынша «Ағаш шебері-2020» облыстық байқауында жүлделі 1 орын иеленді.