ТҮРКІСТАН: XIX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА АЛҒАШ РЕТ ТҮРКІСТАНДА ӨТКІЗІЛЕДІ

«Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім». Дәл осындай атаумен қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазақ диаспорасының балаларына арналған XIX Халықаралық олимпиадасы 26-маусым мен 1-шілде аралығында Түркістан төрінде өтеді.
Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «Дарын» РҒПО-ның және ұйымдастыруымен олимпиадаға алыс және жақын шетелдегі тұратын отандастардың дарынды қазақ балаларынан 69 оқушы қатысады.
— Қырғызстан Республикасынан;
— Өзбекстан Республикасынан;
— Ресей Федерациясынан келген отандастарымызға қош келдіңіздер дейміз! Бұдан бөлек, олимпиадаға Иран-Ислам және Монғолия Халық Республикасынан оқушылар онлайн қатысады!
❖ Олимпиада мақсаты: Шет елде тұратын қазақ диаспорасы балаларының мемлекеттік қолдау білдіру арқылы туған тілін оқып үйренуге, қазақ балаларының туған жеріне, тарихи отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Білім сайысының ашылу салтанаты 27 маусым күні Фараб Кітапханасында сағат: 09:00-де өтеді

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.