«Түркі халықтарының зияткерлік ойындары» орталығы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мерейлі 30 жылдығына арналған маңызды 30 жобаның он төртіншісі – «Түркі халықтарының зияткерлік ойындары» орталығы жобасы. Бірегей орталық университет қабырғасында ашылған Түркі әлеміндегі тұңғыш жоба болуымен ерекшеленеді
Университет басшылығы және Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының қолдауымен ашылған «Түркі халықтарының зияткерлік ойындары» орталығының тарихы тереңде жатыр.
Университетіміздің түлектері, ұлттық зияткерлік ойындарымыздың жанашыры Мақсат Шотаев пен Қашымхан Дәуренқұловтың бастамасымен 2006 жылы оқу орнымызда клуб құрылған.
Тоғызқұмалақ бастаған ұлттық ойындарымыздың ұстаханасы болған клубтың ауқымы кеңейіп, бүгінгі таңда Түркі әлемі деңгейіндегі орталыққа айналып отыр.
Орталықтың негізгі миссиясы – әлемнің түкпір-түкпірінен келіп білім алып жатқан Түркі жастарын бір шаңырақ аясында зияткерлік бағытта тәрбиелеп, әдеби-мәдени байланысты нығайту. Орталықта бүгінгі таңда тоғызқұмалақ, мангала және бестемше ойындары үйретілуде. Алдағы уақытта Түркі әлемінің барлық зияткерлік ойындарын қамту жоспарланып отыр.
Жас ерекшеліктеріне қарай үйретілетін ұлттық ойындар бүлдіршіндер мен жастардың түрлі қабілетін шыңдап, ақыл-ойын дамытуға, тез шешім қабылдауға септігін тигізеді. Орталық – ұлттық ойындар арқылы жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, ұлықтауға тәрбиелейді.
«Түркі халықтарының зияткерлік ойындары» орталығы университетіміздің 30 жылдығына арналған 30 іс-шара ұйымдастыруды қолға алды. Жоспар аясында түрлі деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылып, шеберлік дәрістері мен басқа да шаралар өткізілетін болады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.