«Түркі халықтарының зияткерлік ойындары» орталығы ашылды

Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ қабырғасында ашылып, тұсауы кесілді.
Орталықтың мақсаты — түркі халықтарының зияткерлік ойындарын жастарға насихаттап, түбі бір түркі жұртының мәдениетін таныту, дамыту.
«Түркі халықтарының зияткерлік ойындары» орталығының ашылу салтанатына Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Байменов, вице-президенті Мақсат Шотаев арнайы келді.
Орталықтың ашылу рәсімін аталмыш университет ректоры Жанар Темірбекова құттықтау сөзімен ашты. Ректор «Түркі халықтарының зияткерлік ойындары» орталығының Түркі әлеміндегі тұңғыш жоба ретінде біздің университетіміздің қабырғасында ашылып отырғанын айрықша атап өтті. Жанар Амангелдіқызы 30 жобаның бірі ретінде ашылған жаңа орталықтың тұтас Түркі әлемінің зияткерлік ойындарының ұстаханасына айналатынына сенім білдіре отырып, қазіргі таңда ұлттық ойындарымызды жаңғыртуға мүмкіндіктің мол екендігін жеткізді. Оқу орнына қолдау білдіріп келген ұлттық ойын жанашырлары мен қонақтарға алғысын білдірді.
Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Байменов ұлттық ойындардың маңыздылығына тоқталып, орталықтың ісіне сәттілік тіледі.
Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы атынан орталыққа кітаптар мен тоғызқұмалақ тақтасын сыйға тартты.
Орталықтың ашылу рәсімінен кейін, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Байменов пен университет ректоры Жанар Темірбекова ынтымақтастық келісім шартына қол қойды.
Орталық ауқымды жобаның бастамасы ретінде тоғызқұмалақ, мангала және бестемше сынды ойын түрлерін қамтитын болады. Алдағы уақытта ойын түрлерінің саны артып, Түркі әлемінің барлық зияткерлік ойындарын қамту көзделуде. Ұзақ жылдардан бері студенттерге тоғызқұмалақ ойындарын насихаттап, дамытып жүрген Теология факультетінің оқытушысы, тоғызқұмалақ шебері Қашымхан Дәуренқұлов жетекшілік етеді.
Оқу орнының білімгерлері бұл жобаны ыстық ықыласпен қабыл алды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Gdy podejrzewamy, że nasza żona lub mąż zdradził małżeństwo, ale nie ma na to bezpośrednich dowodów lub chcemy się martwić o bezpieczeństwo naszych dzieci, dobrym rozwiązaniem jest również monitorowanie ich telefonów komórkowych, które zazwyczaj pozwala na uzyskanie ważniejszych informacji.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.