Түркістан: Еліміздің бас дәрігері университет клиникасын көрді

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиникасына еліміздің денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқызы келді.

Қадірлі қонақты Ректор Жанар Темірбекова мен Ректор Өкілі Женгиз Томар арнайы күтіп алып, клиникада бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
«Оқу орнымыз – Қазақстандағы жеке клиникасы бар бірден бір университет. Бүгінде студенттеріміздің 35 пайызы медицина бағыты бойынша білім алып қана қоймай, аталған клиникада мол тәжірибе жинап, маман ретінде қалыптасады. Дәл осы себепті Клиника-диагностика орталығының жұмысына ерекше мән береміз»- деді ректор өз сөзінде.

Ал Ректор Өкілі Женгиз Томар: «2021 жылдан бастап бүгінге дейін 16 дәрігеріміз Түркия Республикасы Стамбул қаласында біліктіліктерін арттырып келді. Ал Түркия Республикасынан әртүрлі мамандық бойынша 20 профессор келіп, өз тәжірибелерін бөлісіп жатқандығын айтып, 2022 жылы жалпы құны 110 000 000 тенгеге функционалды-диагностика 16 срезді Томография аппараты сатып алынғандығын жеткізді.
Еліміздің бас дәрігері Ажар Ғиният, университет клиникасының жұмысын жоғары бағалап, жеке клиникасы бар осындай университеттердің жоғары деңгейде қызмет жасап, маман дайындауда да үлкен үлес қосып жатқандығына қуанатындығын жеткізді. Алддағы уақытта сапаға жұмыс жасап, көш басында болыңыздар деген лебізін білдірді.
Айта кетейік, клиника-диагностика орталығының инфрақұрылымдық жағдайы жақсарып, материалдық базасы толыққан кейін науқастарға қызмет көрсету сапасы да едәуір жақсарды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор-доктор Мұхиттин Шимшек Түркия елінен ХҚТУ Клиника-диагностикалық орталығына медициналық жабдықтар мен материалдар жіберді. Гуманитарлық көмекті оқу ордасының президенті Болатбек Абдрасилов пен I вице-президент Женгиз Томар, Клиника-диагностикалық орталықтың бас дәрігері Осман Ажар бастаған мекеме қызметкерлері қабылдап алды.

Университет ректоры Болатбек Абдрасилов бауырлас екі елдің алтын көпірі болып отырған университет клиникасының халыққа жоғары деңгейде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін құрал-жабдықтарды жіберген Түркиядағы Өкілетті кеңес төрағасы Мұхиттин Шимшекке ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, пандемия кезінде халыққа қызмет еткен клиникамыздың қызметкерлеріне, дәрігерлеріне де ұжым атынан алғыс айтты. Алдағы уақытта клиниканың әлеуетін арттыруда жан-жақты жұмыстардың жүргізілетіндігін жеткізді.
Айта кетейік, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Клиника-диагностикалық орталығы мекемесінде Covid-19 індетінің өршуінің салдарынан 12.06.2020 жылдан бастап 30 төсек орнынды провизорлық бөлім ашылып, 200 адам вирусты пневмониямен емделіп шықты. Провизор бөлімінде 16 дəрігер қызмет атқарды. 2020 жылдың 26 тамызынан бастап провизорлық бөлім жабылған.
Университетіміздің I-вице-президент Женгиз Томар бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта да клиникамыз заман талабына сай қажетті құрал-жабдықтармен жаңартылатындығын атап өтті. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ клиника-диагностикалық орталығының бас дәрігері Осман Ажар клиника–диагностикалық орталықтың алдағы жоспарларымен таныстырып, орталық қызметкерлері тәжірибе алмасу мақсатында еліміздегі және Түркиядағы медицина мекемелерімен тығыз қарым-қатынасты орнатуды жандандыратындығын жеткізді.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.