Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін өз қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2022 жылғы 01 наурыз бен 31 мамыр аралығында ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдау арнайы бекітілген кесте бойынша басқарманың 3 бөліміне жүргізілді. Олар:
— стратегиялық жобаларды жинақтау, талдау және бюжеттік саясатты қалыптастыру бөлімі;
— мектепке дейінгі және орта білім беруді дамыту, жаңа технологиялар бөлімі;
— педагог әлеуетін дамыту бөлімі.
Жүргізілген ішкі талдау қорытындысымен 3 бөлімнің жалпы атқаратын 131 функционалдық міндеттемелерінің 13-де сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, басқарма қызметкерлеріне алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Басқарма тарапынан осындай сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар функцияларды атқару барысында адами факторды азайту мақсатында автоматтандыру процессі қолға алынуда, және комиссия тарапынан шешілетін функциялар бойынша комиссия құрамына азаматтық қоғам өкілдерін, бақылаушылар енгізу және барынша ашықтықты қамтамасыз ету қолға алынуда.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселесі кестеге сәйкес жалғасын табады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.