Түркістан: Республикалық «Абай оқулары» өтті

2022 жылдың 29 шілдесі күні Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу елді мекені, Атамекен ауылындағы «Атамекен» мектебінде Жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары арасындағы республикалық «Абай оқулары» байқауы өтті.

Бұл байқау Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының тікелей ұйымдастыруымен өткен болатын.

Негізгі мақсат — қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Байқау міндеті:

— Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау.

«Абай оқулары» байқауы 6 номинация бойынша өтті.

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»,

«Абайдың қара сөздері»,

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары»,

«Көңілім әнді ұғады»,

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»,

«Ұлылар әлемі».

Байқауға аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің және мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты.

8-11 сынып оқушылары арасындағы ХХІІІ республикалық «Абай оқулары» байқауының қорытынды кезеңі 14-17 тамыз күндері аралығында Семей қаласы, Абай ауданы «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде өтетін болады.

Ережеге сай, облыстан жүлделі І орын алған 6 оқушы республикалық кезеңде облысымыздың намысын қорғайтын болады.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.