Түркістан облысы, Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен бастау алған бұлақ көзін ашу іс-шарасы Кемербастау ауылдық округінде жалғасын тапты.
Жаздағы ықтимал су тапшылығының алдын алуға бағытталған игі іске аудан әкімі Н.Байғұт бастаған әкімдік қызметкерлері, Кемербастау ауылдық округі әкімдігінің және ТҮКШК және АЖ (ЖКХ) бөлімінің мамандары мен «Тұраркент су» мекемесінің қызметкерлері атсалысты.
Бүгінгі таңда Кемербастау бұлақ көздерінен аудан аумағындағы ірі 9 елді мекеннің 7 мыңнан астам абоненті ауыз сумен қамтылып отыр. Бұл — 45 мыңнан астам адам.
Шара барысында аудан тұрғындары үшін өте маңызды нысанда орналасқан ірі 8 бұлақ көзі ашылып, айналасындағы өсіп кеткен талдар ретке келтірілді.
Игі бастаманы естіген жергілікті ақсақалдар да бұлақ басына ат басын бұрып, қасиетті рамазан айында сауапты істің ұйытқысы болып жатқан жандарға ақ баталарын берді.
«ANYQ.KZ-ақпарат»
Visualizar o conteúdo da área de trabalho e o histórico do navegador do computador de outra pessoa é mais fácil do que nunca, basta instalar o software keylogger. https://www.xtmove.com/pt/how-do-keyloggers-secretly-intercept-information-from-phones/