ТӨЛЕБИ: БАЛАЛАР ЖАЗҒЫ ЛАГЕРДЕ ДЕМАЛУДА

Ағымдағы жылдың 22-31 шілде аралығында Түркістан облысы, Ордабасы ауданының Бадам, Бөржар аймағындағы мектептерден 300 оқушы Төлеби ауданының Екпінді ауылындағы «Біркөлік шатқалы» жазғы балалар сауықтыру лагерінде демалуда. Лагердің маусымдық кезеңінің ашылу салтанатында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы қатысып, демалушы балаларды құттықтады.Сондай-ақ Біркөлік тау шатқалы аймағының көрікті жерлеріне саяхаттап, суға шомылды. Танымдық сайыстар мен сауықтыру шараларына толы өткен сауықтыру лагері демалушы балаларға ерекше қуаныш сыйлап, шадыман шаттыққа бөледі.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.