
Қазғұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің Қ.Өмірәлиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «БАЛДӘУРЕН» жазғы сауықтыру лагерінің жұмыс жоспарына сәйкес оқушыларға таза ауада «ТАБИҒАТ АЯСЫНА САЯХАТ» ұйымдастырылды. Мақсаты: бала денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтына үйрету, қозғалыс қабілеттерін дамыту. Серуен барысында балалар таза ауамен тыныстап, ән айтып, би билеп, түрлі ойындар ойнап, көтеріңкі көңіл күйде болды.