«ТЕТ-2022» экспедициясының екінші күні

Туған елге тағзым» өлкетанулық экспедициясының екінші күні сан ғасырлық тарихы бар, Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі орталықтардың бірі, әлемге әйгілі ойшыл, түркі ғұламаларының ең атақтысы, әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр Әл Фарабидің туған жері – Отырар қаласының тарихи орындарына экспедиция жасаудан басталды.
Отырар қаласы — ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жобасы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстанның көне қаласы, қалалық өркениеттің ірі орталықтарының бірі болып табылады.
Зияткерлер ең алдымен, тарихи ескерткіш Арыстан Баб кесенесін аралап, ондағы құдықтан су ішіп, судың тұшылығын неліктен екенін кесенені таныстырушы жауапты маманнан сұрап ақпарат алмасып, біршама мәліметтер алды.
Экспедиция барысы Отырар қаласының археологиялық орындарының бірі «Отырартөбе» мекенінде зияткерлеріміз археологиялық қазба жұмыстарының барысымен танысты. Айта кетейік, Отырар қалашығында тек бір ғана емес, бірнеше төбелер бар, сонымен қатар, зерттеу нысанында археологтар қазба жұмыстарын жүргізуде.
Дәл осы төбелер мен археологиялық орындардан табылған жәдігерлер «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейінде» сақталады. Бүгінг экспедицияда зерттеу тобы аталған қорық музейіндегі тарихи экспонаттарды көріп, тың тарихи мағлұматтар алды.
Атақты әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туған өлкесінен бастау алған экспедиция «Farab» кітапханасында жалғасын тапты.
Зияткерлер рухани астананың заманауи кітапханасының кітап қоры мен түрлі бөлімдерімен танысты. Аталмыш кітапхана облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша көпфункционалды білім кешені болып, заманауи үлгіде жасақталды.
Үш қабаттан тұратын білім ошағының сақтау қорында 480 мың кітап қорына арнайы орын белгіленген. Ал бүгінде кітапханада 300 мың кітап қоры бар. Оқушыларды өзіне баураған кітапхананың тұсы сирек кездесетін тарихи кітаптар мен қолжазбалар, әлемге танымал ақын – жазушылардың, қазақ-орыс жазушылары кітаптарының түпнұсқалары орналасқан арнайы өлкетану бөлімі. Жас зерттеушілердің ерекше назарын аударған өлкетану бөліміндегі басты жәдігер 1919 жылғы атақты «American Quartet» тобының орындауында Бобби Джонес пен Джек Стерннің «Түркістан» деп аталатын музыкалық пластинкасы. Бұл туындының жазбасы «Farab» кітапханасының ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижесінде АҚШ Конгресі Кітапханасының мұрағаттарынан табылды.
Әр түрлі мұрағат көздеріне сәйкес, жазба 1906 немесе 1919 жылы жазылуы мүмкін. Сонымен қатар бұл туынды 1919 жылы Бродвейдің хитіне айналған. Кітапханадағы «Fab-Lab» зертханасындағы жобалар зияткерлер көңілінен шығып,қызығушылықтарын туғызды. Айта кетейік, кітапханадағы балалар кітапханасынан бастап, мәжіліс залы, оқырман залы, компьютер сыныбы, жұмсақ орындықтары бар үлкен ағаш баспалдақ, каллиграфия, дыбыс жазу және аниматорлар студиясы зияткерлердің сүйікті орнына айналып үлгерді.
Экспедиция барысында оқушылар тек тарихи-мәдени орталықтары зерттеп қана қоймай, өнеркәсіп орындарында аралады. Солардың бірі Түркістан қаласын нанмен қамтамасыз етіп отырған «Insap» наубайханасы. Наубайхананың басшысы өзі оқушыларды нан жасау процесімен және де әр станоктың қызметімен таныстырып, өз даму жоспарымен бөлісті.
Бүгінгі күнді қорытындылаған «Лимонарий» лимон бағы зияткерлерге цитрустық жеміс лимонның қасиеттері мен өсуі туралы мағұлматтарды ұсынып, өз қолдарымен қалай тыңайтқыш өндіретінін бөлісті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.