ТУРИСТІК «RED BUS» АВТОБУСТАРЫ ҚЫЗМЕТІН ҚАЙТА БАСТАДЫ

Шымкентке алыстан ат арылтып келген туыстарыңыз бен олардың бала-шағаларын қыдыртуға көліктің реті болмай жүрсе, қам жемеңіз. Өйткені, қос қабатты туристік автобустар қала тұрғындары мен қонақтарына өткен аптадан бастап қызмет көрсете бастады. Ұлыбританиядан әкелінген 40 орындық қоғамдық көлік енді арнайы белгіленген кесте бойынша жұмыс жасайды.

Шымкентте туристік екі қабатты «Red BUS» автобустары жаз мезгіліне орай қайта жұмысын бастады. Мамандар осылай деп хабарлайды.Бұл автобусқа мініп, экскурсия жүргізу арқылы қаладағы туристік нысандарға сапар шегіп, тарихы жайлы ақпараттармен танысуға мүмкіндік бар.«Қызғалдақ» субұрқағы, Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік университет, «Мега» ойын-сауық орталығы, «Кең баба» саябағы, «Шәмші әлемі» гүлзары, «Тәуелсіздік» саябағы, Қонаев гүлзары, Зообақ, дендросаябақ, «Наурыз» алаңы. Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығын аралап,  Бәйдібек би ескерткішіне дейін тіреледі. Он минут аялдап, суретке түсу мүмкіндігі тағы бар.  Автобус ішінде отырып, экскурсия жүргізу «Қиял әлемі» технопаркінен басталады. Жиналу уақыты күнделікті 18:00 мен 19:00-де. Экскурсияның ұзақтығы 1,5-2 сағатты құрайды. Экскурсияға билет алу үшін Арбат аумағында орналасқан “Red BUS-тың” кассасына немесе +7 (777) 024-46-44 нөмірімен байланысуға болады.

Лондонның көркіне айналған екі қабатты саяхат автобустарын еліміз бойынша бірінші біздің қаламызда ғана көруге болады.

Айта кетейік, бұл идеяның авторы Әсел Ибоходжаева еді. Ол Малайзияның беделді оқу орындарының бірінде бизнес саласы бойынша білім алған. Оқуын табысты аяқтаған ол туған қаласына келіп, тың идеясымен көпті таңқалдырып, ішкі туризмге өз үлесін осылайша қосты. Жоба 2015 жылы іске қосылған болатын.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.