УНИВЕРСИТЕТ ПЕН МЕКТЕП, СТУДЕНТ ПЕН МҰҒАЛІМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Облыстық білім беруді дамыту орталығы мен Ахмет Ясауи Университеті «Мектеп пен Университеттің ынтымақтастығын жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыбында ашық диалог алаңын өткізді.
Мақсаты: оқушылардың білім сапасын арттыруда білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, мектеп пен университет арасында білім көпірін орнату.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова, Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының директоры Бақытжан Толымбет және кафедра меңгерушілері, университеттің оқытушы-профессорлық құрамы, қалалық, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері мен мектеп директорлары қатысты.
Мемлекет тарапынан іске асқалы отырған мұғалім тапшылығы бар өңірлерге педагогтерді тарту бойынша жасалып отырған Арнайы бағдарлама жұмыстары да қаралып, облыс деңгейінде шешудің де жолдары талқыланды.
Соңғы үш жылда 2019-2021 жылдары университеттің педагогика мамандығын алып шыққан 931 түлегінің 636-сы, яғни 70% Түркістан облысында қалып, білім беру ұйымдарына жұмысқа тұрған. Демек, бұл көрсеткішті ары қарай көтеріп, мұғалім тапшылығын жергілікті деңгейде де шешуге біршама негіз бар.
Жиын барысында педагог кадрларды сапалы даярлау, білім беру ұйымдарындағы кәсіби бағдар беру жұмысын жүйелі бірлесіп жүргізу, студенттердің практикадан өту тәжірибесін жетілдіру мәселелері де айтылды.
Қожа Ахмет Ясауи Университеті мен Түркістан Облысының Білім Басқармасы білім беруді дамыту орталығы арасында білім көпірін орнату мақсатымен тұрақты Академиялық алқа жиынын өткізу келісілді.
Дөңгелек үстел хаттамасы негізінде Меморандумды қуаттайтын іс-шаралар жоспары бекітіліп, нақты жұмыстар жүргізіледі.

Ad Widget

Recommended For You