Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мәжіліс залында, «Жаңа Қазақстанның -жарқын жастары» атты еркін форматта белсенді жастардың қатысуымен кездесу болып өтті. Аталмыш кездесуге, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Гүлбахира Тәжібаева Қалмұханқызы қатысып, киелі Қазығұрт өңірінің жалынды жастарымен жүздесті.
Кездесу барысында, қазіргі таңда мемлекет тарапынан жастар үшін көптеген мүмкіндіктер қарастылғандығын, мемлекеттік бағдарламалар аясында біршама жастар өз кәсібін ашып, жұмыстарын жандандырып отырғандығы жөнінде және басқа да салалар бойынша жетістікке жетіп жүрген жастар жөнінде тамаша сұқбат болды.
Сондай-ақ, «Жаңа Қазақстанды» құру жолында еліміздің жастары да маңызды рөл атқаратындығын тілге тиек етіп, қазіргі жастар мүмкіндігінше заман талабына сай бейімделіп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбеке ете білу керек екендігін жеткізді.
Келелі кездесу барысында жастар қауымы да өз ұсыныстарын айтып, сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, алдағы уақыттарда жастармен бірге бірлесіп атқарылатын жұмыс жоспарлары талқыланып, жастар саясатының жандануы жолында жүргізілетін бірқатар іс-шаралар жоспары нақтыланды.