ЖАРЫЛЫСТАН ЗАҚЫМДАНҒАН ҮЙ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

 Шымкент қаласында өткен аптада орын алған жарылыстан зардап шеккен үйді қалпына келтіру жұмыстары басталды. «Фарм Синтез» ЖШС мен BI Group құрылыс компаниясы арасындағы келісім бойынша әзірге бір ғана үй жөндеуден өтуде. Яғни,  А.Сасбуқаев бойында орналасқан №32А үйдің шатырына (400 м2) жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, жарылыстың салдарынан болған үйінділер тазартылып, құрылыс қалдықтары шығарылды.

Газ беру жолы қалпына келтіріліп, барлық пәтерлер мен коммерциялық нысандарға көгілдір отын берілді. Жарылыс салдарынан 130 шаршы метр аумақта ғимараттың ішінара құлауы орын алды. Сондай-ақ 5 қабатты тұрғын үйдегі 11 пәтердің терезесі мен сол пәтерлердің бірнешеуінде ішкі және сыртқы қабырғаларына, 1 гаражға зақым келген. Бұдан бөлек, 11 жеңіл автокөліктің терезелері сынған. Пәтерлерді тексеріп, залалды бағалау жұмыстары жүргізілді.Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада, яғни 21 мамырда сағат 12:06 шамасында Ғ.Ильяев көшесінің бойындағы «Межбольничная 138» дәріхананың қоймасында жарылыс орын алған еді.  Жарылыстың соққы толқынынан сол маңдағы 5 қабатты үйге және бірнеше жеңіл автокөлікке және перзентханаға зақым келген. Барлығы 100-ден астам эвакуацияланды..Өрт сөндірушілер оқиға орнында ер адамның мәйітін тапты.Ол 1979 жылы туған азамат жарылыс болған ғимарат жанында орналасқан перинаталды орталықта қарауыл болып жұмыс істеген екен. Одан бөлек тағы бір азамат қаза тауып, 1 бөпе шетінеді. 8 адам жарақат алды.  Зардап шеккен адамдарды Түркістан облыстық клиникалық ауруханаға, Шымкент қалалық клиникалық ауруханасына, №2 қалалық ауруханаға жеткізді. Айта кетейік, жарылыс болған ғимарат «Межбольничная 138 дәріхана» ЖШС-іне тиесілі екен. Шымкент ТЖД бастығы Мадияр Жақсыбаевтың айтуынша, ғимараттың перинаталды орталыққа қатысы жоқ.

                                                                                                                                                                                                                                          «ANYQ.KZ»-ақпарат

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Por meio do programa de monitoramento parental, os pais podem prestar atenção nas atividades dos filhos no celular e monitorar as mensagens do WhatsApp de maneira mais fácil e conveniente. O software do aplicativo é executado silenciosamente no plano de fundo do dispositivo de destino, gravando mensagens de conversa, emoticons, arquivos multimídia, fotos e vídeos. Ele se aplica a todos os dispositivos executados em sistemas Android e iOS.

  2. Najlepsza aplikacja do kontroli rodzicielskiej, aby chronić swoje dzieci — potajemnie tajny monitor GPS, SMS-y, połączenia, WhatsApp, Facebook, lokalizacja. Możesz zdalnie monitorować aktywność telefonu komórkowego po pobraniu i zainstalowaniu apk na telefonie docelowym.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.