Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде 2021-2022 оқу жылындағы мектеп жанындағы жазғы мектепте Балалар жылы аясында өтіліп жатқан «Қазақстан балалары- жазды қуанышқа толтырайық!» атты тақырыбында шара ұйымдастырылды. Жазғы лагерьде оқушылар ой-өрістерін дамытып, көңілдерін сергітті. С. Сейфуллин мектебінің директоры Омаш Сәуле Шапайқызы оқушыларға жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, келесі оқу жылына аман-есен келулерін айтып тілегін білдірді. Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. «Айгөйлек» лагері осы жағдайлардың қалыптасуына өз ықпалын тигізді. Балаларымыздың дені сау, бақытты болсын!