ЖУРНАЛИСТЕР СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін қолына қалам ұстаған журналистер мамандығын ауыстырып, ауыр жағдайдағы науқастарға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, өмірін ажалдан арашалап қалды. Алғашқы медициналық көмек көрсету Шымкентте жуырда ашылған симуляциялық орталықта жүзеге асты. Іс-шараға Шымкент қаласы және Түркістан облысының БАҚ өкілдері қатысты. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Абибуллаұлының айтуынша, мұнда түрлі жағдайға арналған 100 муляж қарастырылған. Ересектерден бастап балаларға дейін, түрлі жарақаттан бастап шұғыл бала босануға дейінгі жағдайда алғашқы көмек көрсету әдістері үйретіледі. Орталық мамандары шетелдерде білімін жетілдіріп, біліктілік арттырып келген.Оталық мамандары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне базалық жүрек-өкпе реанимациясы бойынша дәріс жүргізді. Дәріспен қатар білікті тренерлер базалық жүрек-өкпе реанимациясын заманауи құрылғылардың көмегімен тәжірибе жүзінде көрсетіп, үйретті. –Орталық мамандары базалық жүрек-өкпе реанимациясын әрбір адам білуі тиіс дейді. Ол көшеде адамдардың есінен танып құлап қалуы, жүректің қысылуы не болмаса балалардың  ұсақ-түйек заттарды жұтып қоюы кезінде алғашқы медициналық көмек беруді біліп жүру екен. Мамандар тәжірибе жүзінде көрсетіп, біраз қажетті мәлімет алдық. Дегенмен, алғашқы медициналық көмек беру оңай жұмыс емес екен. Дәрігерлердің еңбегіне бас иемін, — деді «Әділет» қоғамдық газетінің тілшісі Роза Бекетаева. 

Айта кетейік, симуляциялық орталықтың әзірге Қазақстан бойынша баламасы жоқ. Қазіргі таңда орталықта медицина қызметкерлері біліктіліктерін арттыруда.

Тілге тиек етейік, қалада медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында инвесторлар есебінен 13 жаңа денсаулық сақтау ұйымы ашылып, 207 мың қала тұрғыны медициналық көмекпен қамтамасыз етілген.

2020 жылдан бастап медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қарқынды жүзеге асып, қазіргі таңда медициналық техникамен жарақтандыру көрсеткіші 77,3%-ға қол жеткізілді. Жыл сайын дәрігерлердің айлық еңбекақысы — 30%-ға, орта буын медициналық — 20%- ға өсіп отыр. Қазіргі сәтте дәрігерлердің — орташа еңбекақысы -395 мың теңге, ал орта буын мамандарының орташа еңбекақысы -233 мың теңгені құрайды.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.