
Бүгін, «Балдырған» бөбекжай балабақшасында «Ұстаз жолы-ұлы жол» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік шара болып өтті. Аталған жиынға қалалық мәслихат депутаты Ардақ Үсенұлы қатысып, тәрбиешілерді мерекесімен құттықтады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» деген болатын. Ардақ Үсенұлы ұстаз тәрбиешілердің мәртебесін көтеру және қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру мақсатында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім және саналы тәрбие берудегі сіңірген еңбегі үшін үздік тәрбиешілерді марапаттады.
Меркелік шара балдырғандардың Шуағым ансамбльінің «Илигай» халық әнімен, өнерлі бүлдіршіндердің ән-билерімен жалғасын тапты. Ұстаздар қауымына ерекше көңіл күй сыйлаған іс-шара, өз деңгейінде жоғары ұйымдастырылды.
576326 175716quite excellent goodthis post deserves almost absolutely nothing hahaha merely joking: S nice write-up: P 972132
67203 687165I surely didnt know that. Learnt one thing new these days! Thanks for that. 72854