
Шардара ауданында былтыр өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 135 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы саласының үлесі 46,7%-ды құрап отыр. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция 35,5 миллиард теңгеге жетті. Биыл көрсеткішті 45,5 миллион теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбаев мәлімдеді.
«Ауданда 2022-2027 жылдары жалпы құны 40,8 миллиард теңгені құрайтын 23 жобаны іске қосып, 1 025 адамға жаңа жұмыс орнын ашу қолға алынды. Бүгінгі таңда 4 жоба іске асқан. Жыл соңына дейін құны 3,6 миллиард теңгені құрайтын 6 жоба іске асып, 187 адам жұмыспен қамтылады. Ал 2024-2027 жылдарда 13 жоба жүзеге асып, 675 жаңа жұмыс орны ашылатын болады», — деді аудан басшысы.
Ауданда өткен жылы 20,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Сондай-ақ, жалпы құны 412,1 миллион теңгені құрайтын 5 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, инфрақұрылыммен қамту бойынша ауданда 25 елді мекеннің 18-і ауыз сумен қамтылған. Ал көгілдір отынмен 24 елді мекеннің 9-ы қамтылған. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың соңына дейін 38,2 шақырымды құрайтын 51 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қанағаттанарлық жағдайға жолдардың үлесін 87%-ға жеткізу жоспарланған.
«Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылы 3 998 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 161,5%-ға орындалған.
2023 жылға жоспар 2 796 азаматты құраса, 1-тоқсанға 1 362 жұмыссыз азамат бағдарламаға тартылып отыр.
2022 жылы – 35 496,4 миллион теңге, оның ішінде: республикалық бюджет есебінен есебінен — 8 246,0 миллион теңге, жергілікті бюджет есебінен — 814,0 миллион теңге, меншікті қаражаты есебінен — 22 974,5 миллион теңге, банктердің кредиттері есебінен – 3 461,9 миллион теңге. 2022-2027 жылдары жалпы құны 40,8 миллиард теңгені құрайтын 23 жобаны іске қосып, 1025 адамға жаңа жұмыс орындарын ашу қолға алынды. Бүгінгі таңға 4 жоба іске асқан (құны 2,1 миллиард теңге, 163 жұмыс орны ашылды). Жыл соңына дейін құны 3,6 миллиард теңгені құрайтын 6 жоба іске асып, 187 адам жұмыспен қамтылады. 2024-2027 жылдарда қосымша құны 35,1 миллиард теңгені құрайтын 13 жоба жүзеге асырылады (675 жаңа жұмыс орны).
Ауданда өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 135 миллиард теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5,9 миллиард теңгеге немесе 104,6%-ға артты (2021 жылдың 12 айында 129,1 миллиард теңге). Оның ішінде, ауыл шаруашылығы саласының үлесі 46,7%-ды құрап отыр. 2023 жылы жалпы өндірілген өнім көлемін 143,9 миллиард теңгеге жеткізу жоспарлануда.
2022 жылы 17,6 миллиард теңгегенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, 2021 жылмен салыстырғанда 105,1% құрады. Жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімін шығарудың нақты көлемінің индексінің үлесін 103,2% жеткізіп, жалпы 19,6 миллиард теңгенің өнімін өндіру жоспарлануда. Өнеркәсіп бойынша 2022 жылы өндірілген өнім көлемінің жоспары 4,7 миллиард теңгеге артығымен орындалған. (Жоспар — 12,9 миллиард теңге).
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 35,5 миллиард теңгені, НКИ 117,7% құрады. Биылғы жылға бұл көрсеткішті 45,5 миллион теңгеге жеткізу жоспарлануда. (2021 жылдың 12 айында орындалуы 29,7 миллиард теңге. Облыс бойынша – 739,5 миллиард теңге, НКИ – 108,6 %, үлесі – 4,8%).
2022 жылдың қорытындысымен жергілікті бюджетке жоспардағы 3 707,2 миллион теңгенің орнына 3 762,6 миллион теңге түсіп, жоспар 101,5% немес 55,4 миллион теңгеге артық орындалған. Бюджет шығысы бойынша жоспардағы 20 839,7 миллион теңгегенің немесе 99,1% игерілді.
Шардара ауданы бойынша жалпы халық саны — 84 264 адам, аудан аумағы 1 283,2 мың гектарды құрайды. Ауданның құрамына 1 қала және 10 ауылдық округі, жалпы 25 елді мекен кіреді. Ауданның ұлттық құрамы: қазақтар – 96,8%, өзбектер – 0,2%, орыстар – 2,0% және өзге ұлттар – 1,0%. Жалпы халықтың 49,5 мың адамы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны — 46,9 мың адам, жұмыссыздық деңгейі — 5,2%, жастар жұмыссыздығы 4,1%-ды құрады.
Өткен жылы ауданда 57 800 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, мол өнім алынды. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 60,5 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,2 % құрады. Оның ішінде: мал шаруашылығы — 10,1 миллиард теңге, НКИ — 97,8%, өсімдік шаруашылығы — 50 миллиард теңге, НКИ — 103,1 %, балық шаруашылығы қызметі — 0,4 миллиард теңге.
2022 жылы 1010 гектар күздік бидайдан 3040 тонна, 1530 жаздық арпа дақылынан 4340 тонна, 8494 гектар бақшадан 224 240 тонна, 21 183 гектар ескі және жаңа жоңышқадан 211 857 тонна, табиғи, дала шөптерінен 129 050 тонна, сабан 5120 тонна, 4250 гектар сүрлемдік жүгеріден 150 400 тонна, 3510 гектар дәндік жүгеріден 22 815, 600 гектар күріштен 4810 тонна, 670 гектар маштан 1065 тонна,15643 гектар мақтадан 45 448 тонна, 250 гектар картоптан 5250 тонна, 660 гектар көкөністен 23 310 тонна өнім жиналды.
2023 жылы 57 800 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырылды. Атап айтқанда: күздік бидай – 1100 гектар, жаздық арпа – 1500 гектар, күріш – 1200 гектар, дәндік жүгері – 3560 гектар, маш – 670 гектар, мақта – 11200 гектар, ескі жоңышқа – 20010 гектар, жаңа жоңышқа – 4100 гектар, сүрлемдік жүгері – 4250 гектар, картоп – 250 гектар, көкөніс – 600 гектар, бақша – 9360 гектар.
Жаушықұм алқабын игеру. Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту, жерлерді ұтымды пайдалану, өнімді арттыру, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында Шардара су қоймасынан механикалық әдіспен Жаушықұм алқабының 12192 гектар жерді суландыру жобасы іске асырылуда. Жоба құны — 10,8 миллиард теңге. Бүгінгі таңда мердігер мекеме тарапынан 1-2-ші насос станцияларында топырақ қазу жұмыстары мен 3,5 шақырым инспекторлық жол салу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына 30 техника, 50 адам жұмылдырылған.
Жоба толығымен іске асқан жағдайда 12192 гектар жер айналымға қосылып, 6 мыңға жуық адамға тұрақты жұмыс орындары ашылады. 12 миллиард теңгеге жуық ауыл шаруашылығы өнімі өндірілетін болады.
Шардара ауданында «Ирригациялық дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңін (ПУИД-2) іске асыру жұмыстары. Ауданда ПУИД-2 (ИДЖЖ-2) жобасы аясында Алатау батыр, Қызылқұм, Сүткент ауыл округтеріндегі 20630,0 гектар суармалы егістік алқаптарда орналасқан ағын су нысандарын (каналдар, қашыртқылар, гидротехникалық құрылыстар және т.б.) қайта құрылымдаудан өткізу үшін тиісті жұмыстар қолға алынған. Бүгінгі таңға ағын су каналдарын қайта құрылымдау жұмыстарының 68% пайызы (136 шақырым), ағын су қашыртқылары тазалау жұмыстарының 33% аяқталған (141 шақырым). Жобаның жалпы құны: 23,4 миллиард теңгені құрайды. Іске асу мерзімі: 2019-2023 жылдар. (2022 жылға — 6 миллиард, 2023 жылға — 9,6 миллиард теңге).
Жалпы жөндеуден өтетін каналдардың ұзындығы – 311,7 шақырым, оның ішінде: бетонмен қапталатыны – 199,5 шақырым, каналдарға орнатылатын қондырғылар – 1285 дана, қашыртқыларды механикалық тазалау – 404,8 шақырым, қашыртқыларға орнатылатын қондырғылар – 273 дана. Құрылыс жұмыстарына 60 дана техника, 200 адам қатысуда.
«АУЫЛ – АМАНАТЫ» пилоттық жобасына 4 ауылдық округі енгізілді. Атап айтқанда:
Қ.Тұрысбеков ауылдық округінен 1 кооператив ұсыныс білдіріп, балық шаруашылығын (көлдерде, тоғандарда, торлы шарбақтарда (садковое выращивание) тауарлы балық өсіру, балық шабақтарын өндіру және т.б.) дамытуды жоспарлап отыр. Несие алуға 40 азамат ниет білдірген.
Алатау батыр ауылдық округінен 1 кооператив мал шаруашылығын (кіші мал бордақылау алаңдарын құру, мал басын көбейту, етті бағытта құс шаруашылығы дамыту және т.б.) дамытуды жоспарлауда. Несие алуға 47 азамат ниет білдерген.
Көксу ауылдық округінен 1 кооператив мал шаруашылығын дамытуды жоспарлауда. Бүгінгі күнге несие алуға 76 азамат құжаттарын дайындауда.
Сүткент ауылдық округінен 1 кооператив мал шаруашылығын (кіші мал бордақылау алаңдарын құру, мал басын көбейту, етті бағытта құс шаруашылығы дамыту және т.б.) дамыту бағытын таңдаған. Бүгінгі күнге несие алуға 35 азамат құжаттарын дайындауда.
«Ауыл – Аманаты» пилоттық жобасы бойынша қатысушылар саны күн сайын ұлғаюда. Шардара ауданының жалпы жер көлемі — 1 287 200 гектар. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер — 199 893 гектар, елді мекен жерлері — 9 232 гектар, қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері — 15 156 гектар, орман қорының жерлері — 909 325 гектар, су қорының жерлері — 88 446 гектар, арнайы жер қоры — 63 131 гектар, өзге жерлер — 2 042 гектар.
2022 жылы 13,4 мың гектар жерді елді мекенге ортақ жайылымға қайтару жоспарланған болса, нақты 13,4 мың гектар жер ортақ жайылымға қайтарылып, жоспар 100% орындалған.
2023 жылға жоспар 40,0 мың гектар белгіленген. Осы ретте жұмысшы топпен зерделеу жұмыстары жүргізіліп ауылдық округтерді жайылыммен қамтамасыз ету сызбалары әзірленді. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен жайылым мәселесі шешілетін болады.
2022 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 16,0 миллиард теңгені, нақты көлемінің индексі 103,0%-ды құрап отыр. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 20,5 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,5%-ды құрады.Оның ішінде тұрғындар есебінен – 20,5 мың шаршы метр 101,5% (2021 жылдың 12 айында 20,2 мың шаршы метр, оның ішінде тұрғындар есебінен – 20,2 мың шаршы метр) (облыс бойынша – 864 127 шаршы метр, НКИ – 104,6%, үлесі – 2,4%, 13 орын).
2022 жылы құны 412,1 миллион теңгені құрайтын 5 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, оның 1-і пайдалануға берілсе, 4 нысан 2023 жылға өтпелі. Олар:
1) «Шардара қаласы судан құтқару бекеті ғимаратының құрылысы» нысаны, 2022 жылдың қыркүйек айында пайдалануға тапсырылды. Конкурстық құны – 22,8 миллион теңге.
2) «Қоссейіт елді мекеніне инженерлік инфрақұрылымының құрылысы (Сумен жабдықтау және электр желілерінің құрылысы 2 нысан)» нысаны. Нысандарды падалануға тапсыру 2023 жылдың осы мамыр айында жоспарланып отыр. Конкурстық құны – 69,1 миллион теңге.
3) «Ұзын-Ата ауылдық округі, Сапарова көшесі, № 20 мекенжайы бойынша әкімшілік ғимараттың құрылысы» нысаны. Нысанды падалануға тапсыру 2023 жылдың тамыз айында жоспарланып отыр. Конкурстық құны – 117,2 миллион теңге.
4) «Шардара қаласы 4-ші мөлтек ауданына инженерлік инфрақұрылым құрылысы (су желісі 2-кезең)» нысаны. Нысанды падалануға тапсыру 2023 жылдың мамыр айында жоспарланып отыр. Конкурстық құны – 203,0 миллион теңге.
Ал ағымдағы жылы құны 278,1 миллион теңгені құрайтын «Шардара қаласы 4-ші мөлтек ауданына инженерлік инфрақұрылым құрылысы (су желісі 3-кезең)» жүруде.
Шардара ауданындағы 25 елді мекеннің 18 елді мекені ауыз сумен қамтылған. Ауыз сумен қамтылу деңгейі — 95,97%.
7 елді мекеннің экономикалық жағынан тиімсіз болып танылған. Олар: Пішентөбе, Құйған, Бағыскөл – Қуанқұдық, Бозай, Беймырза, Шабырлы.
Бүгінде Ұлттық қор есебінен «Қызылқұм ауылының ауыз су беру торабы құрылысы» жүргізілуде. Нысан 2023 жылы пайдалануға беріледі. Жоба аяқталған кезде аудан бойынша құбыр суымен қамтылған халықтың үлесі 98,0% құрайтын болады.
Анықтама үшін айта өтейік, Шардара қаласының тұрғындары ауыз суды Шардара су қоймасынан (ашық көзден) пайдаланады. Жылдың шілде-қыркүйек айларында су қоймадағы судың деңгейі төмендеп, сапасы мүлдем нашарлайды. Мәселені шешу үшін Шардара қаласынан 30 шақырым қашықтықта, құмның ішінде орналасқан, су қоры жеткілікті, су сапасы сынақтан өткен, «Тама» ұңғымасы жер асты суы анықталды. Жергілікті бюджет есебінен 30 миллион теңгеге ЖСҚ-ы мен ТЭН-і дайындалды. Жоба құны шамамен 15 миллиард теңгені құрайды. Бүгінгі таңға сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде. Сараптама қорытындысы алынған соң қаржыландыру үшін салалық басқармаларға ұсынылатын болады.
Аудандағы 24 елді мекеннің 9 елді мекені және Шардара қаласындағы 9 шағынауданы табиғи газ жүйелерімен қамтылған (қамтылуы 77 %), 6 елді мекеннің экономикалық тұрғыда тиімсіз болып танылған. Олар: Бағыскөл, Арнасай, Пішентөбе, Бозай, Бимырза, Шабырлы.
Бүгінгі таңға Шардара қаласындағы 5 шағынауданды және 2 ауылдық округтегі 3 елді мекенді табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. (Шардара қаласындағы Төменгі тоғай, Ақбала, Майқала, Абай, Қызылжар, Жаушықұм ауылдық округі, Жаушықұм, Қалғансыр елді мекені, Қ. Тұрысбеков ауылдық округі Шардара ауылы).
Нәтижесінде аудан халқының 97,7% табиғи газбен қамтылады. Бұдан бөлек 6 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз етуді қажет етеді. Атап айтқанда:
— 1 елді мекеннің жобалық-сметалық құжаттары (ЖСҚ) әзірленген. (Ақберді елді мекені).
— 2 елді мекен ЖСҚ әзірленуде ( Қуан-құдық елді мекені, Айдаркөл қашар елді мекені).
— 3 елді мекенді табиғи газбен қамтуды қажет етеді. (Баспанды, Жоласар, Құйған)
Бүгінде Шардара қаласы тұрғындарының 27% кәріз жүйелерімен қамтылған (қолданыстағы канализция желінің ұзындығы 36 шақырым).
Шардара қаласын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында құны 906,9 миллион теңгені құрайтын қаланың Қызылжар, Майқала, Абай, Ақбала шағынаудандарының кәріз желілерінің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңға құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысан пайдалануға берілген соң қала тұрғындарының 51% сарқынды су желісімен қамтылатын болады (қосымша 31 шақырым желі іске қосылады).
Алдағы 2024-2026 жылдары Шардара қалсының тұрғындары толықтай сарқынды су желісімен қамтылатын болады. (2022 жылы 486,7 миллион теңге, 2023 жылы 420,2 миллион теңге қаралған).
Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 719,5 шақырым, оның ішінде қанағаттанарлық жағдайда 84,3% құрап отыр.Жолдарды жөндеу үшін бюджеттен былтыр 869 миллион теңге бөлініп, Шардара қаласы мен ауылдық округтердегі елді мекендерде 54,9 шақырымды құрайтын 44 көше жөндеуден өтті.
Ағымдағы жылдың соңына дейін 38,2 шақырымды құрайтын 51 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қанағаттанарлық жағдайға жолдардың үлесін 87,0% жеткізу жоспарлануда. Бұл мақсаттарға ағымдағы жылы 1164,1 миллион теңге қаржы жоспарланды.
2022 жылы аз қамтылған 782 отбасыларға немесе 4701 адамға 292,5 миллион теңге (АӘК) атаулы әлеуметтік көмек төленді, оның ішінде 384 адам жұмыспен қамтылды. Ал, 2023 жылдың 1 тоқсанында 514 отбасы, 3176 адамға 94,3 миллион теңге төленді.
«Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылы 3998 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 161,5%-ға орындалды. 2023 жылға жоспар 2796 азаматты құраса, 1-тоқсанға 1362 жұмыссыз азамат бағдарламаға тартылды.
Белсенді ұзақ өмір сүру бағдарламасы аясында 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Шардара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 600 –ден астам зейнеткерлерге және 200 мүгедектігі бар азаматтарға 12 қызмет түрін көрсетуде.
Алдағы таңда ауданның алыс шалғайдағы зейнеткерлерге орталықтың қызметтерін алуға тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру жоспарлануда.
Аудандағы жартылай стационарлық үлгідегі психоневрологиялық потологиясы бар және тірек-қозғалысы аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар «Рахым сауап» мүгедектер қоғамы» ҚБ-і ғимаратының сыйымдылығына қарай 40 азаматқа әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
Шардара ауданы бойынша 31 мектеп (31 мемлекеттік), 19515 оқушы бар. 41 балабақшада (17 мемлекеттік, 23 жеке меншік, 1 шағын орталық) 4636 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Мектептердің информатика кабинеттері 3837 компьютермен жабдықталған, нәтижесінде 1 компьютерді пайдаланатын оқушы саны 5,47 бірлікке жетті. Аудан мектептерінің телефонмен байланысы және интернет желісін пайдалану 31 мектептің барлығында орнатылған.
Өткен жылы «Шардара мектеп-лицейіне» облыстық бюджеттен 254,9 миллион теңге қаржы қаралып, ғимарат күрделі жөндеуден өтті.30 мектепке 83,7 миллион теңге қаржы қаралып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауданда 2 мектептің құрылысын жүргізу қолға алынды. Жобаға сәйкес, 1500 оқушы заман талабына сай мектеппен қамтылады (Шардара қаласындағы 4-ші мөлтекауданына 1200 орындық, Өтеғұл мөлтекауданына 300 орындық). Аталған мектептерге жер телімдерінің мемлекеттік актілері және тиісті техникалық шартары алынып рәсімделді.
Ауданда 1 орталық аурухана, 1 – ауылдық аурухана бөлімше, 1 қалалық емхана, 1 БМСК орталығы, 13 дәрігерлік амбулатория, 14 медициналық пункттер ел игілігіне жұмыс атқаруда. Кадрлық құрамы жағынан 112 дәрігер, 482 орта буынды медициналық қызметкерден тұрады, оның ішінде 60% жоғарғы санатты мамандар халыққа медициналық көмек көрсетеді.
2022 жылы құны 1571,0 миллион теңгені құрайтын, 150 келушіге арналған Шардара қаласында емхана құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.Бұдан бөлек, Алатау батыр, Достық ауылдарында орналасқан медициналық мекемелерді күрделі жөндеуден өткізу мақсатында жасалған Жобалық сметалық құжаттарын мемлекеттік экспертизадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 2 спорт клубы орналасқан, аталған мекемелерде спорттың 25 түрі дамытылып, 6 мыңнан астам баламен жұмыс жасауда. Бүгінде ауданда түрлі спорттан 122 әлем чемпионы, 107 әлем чемионаттарының жүлдегерлері бар. Өткен 2022 жылы ауданнан 37 әлем чемпионы, 107 әлем чемпионаттарының жүлдегерлері шықты.
2023 жылы жергілікті бюджеттен Шардара қаласы, Қ.Тұрысбеков, Көксу және Достық ауылдық округінен кіші футбол, волейбол, воркаунт алаңшалары салынып, ауыл жастарына пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы демеушілер есебінен Шардара қаласындағы «Шардара Армспорт спорттық-сауықтыру кешенінде» бокс, дзю-до, таэквон-до залдары ашылды.
Шардара ауданына қарасты 10 мәдениет мекемлер (аудандық мәдениет үйі-1, ауылдық мәдениет үйі-9), 16 кітапханалар (оның ішінде 2 аудандық, 2 қалалық, 12 ауылдық), 1 тілдерді оқыту және дамыту орталығы халыққа қызмет көрсетеді.
Бүгінде «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылысы 2022 жылы басталған құны 397,7 миллион теңгені құрайтын Жаушықұм ауылдық мәдениет үйінің құрылысы (150 орындық) жүргізілуде. Нысан осы жылы пайдалануға беріледі. Осы бағдарлама аясында Қызылқұм ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеудің құжаттары дайындалып (құны 347,8 миллион теңге), қаржыландыру үшін салалық басқармаға ұсынылды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.