
Медициналық оңалтудың науқас денсаулығын қалпына келтіруде атқаратын рөлі зор.
Жарақат алған немесе созылмалы аурумен ауырып тұрған пациенттің күнделікті өмірге оралып, қалыпты тіршілік етуіне септігін тигізеді. Бұрын көпшілік жағдайда ақылы түрде көрсетілетін оңалту бүгінде сақтандырылған азаматтар үшін қолжетімді болып отыр. Бұл жайында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев осы мәселе жайлы егжей-тегжейлі ақпарат берді.
Биылғы жылы оңалту қызметін қаржыландыру деңгейі 2020 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге артып, 5 млрд 583 млн теңгені құраған. Ағымдағы жылдың 6 айында Қор оңалту қызметі үшін 2 млрд 839 млн теңге төлеген. Аймақтық тұрғыдан алып қарағанда, қызметтің басым бөлігі аудан, қалалардағы ауруханаларда көрсетілген. Медициналық сақтандыру қоры халық үшін оңалтудың қолжетімділігін арттыру бағытында жан-жақты жұмыс істеуде. Егер 2019 жылы бұл қызметті 9 медициналық ұйым көрсетсе, 2020 жылы олардың саны 48-ге жетті. Ал 2021 жылы облыс бойынша 50 ұйым медициналық оңалту қызметін көрсетуге тапсырыс алған. 2021 жылдың басынан бастап күндізгі және тәуліктік стационарларда 15 296 науқас реабилитациялық ем қабылдаған. Амбулаториялық деңгейде 5 948 оңалту қызметі көрсетілген.
Оңалту қызметі — негізгі немесе созылмалы ауруды емдеу қажет болғанда, қатты ауырсынудан және хирургиялық операциялардан кейін, сондай-ақ жарақат алғаннан кейін, сырқат салдарынан адамның қимыл-қозғалысы шектелген жағдайларда көрсетіледі.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
320214 476766I genuinely prize your piece of function, Great post. 746793
166778 451013Very intriguing topic , appreciate it for putting up. 952384
436136 683416Great post nonetheless , I was wanting to know if you could write a litte a lot more on this topic? Id be really thankful in case you could elaborate slightly bit further. Bless you! 737417
459755 545542Hey there! Nice stuff, please keep us posted when you post once more something like that! 303003
477047 828314An extremely intriguing examine, I might possibly not concur entirely, but you do make some quite valid points. 772645
225565 344190Thank you for your extremely good info and respond to you. san jose car dealers 972491