Түркістандық жастар Ташкенттегі форумға қатысты

Өзбекстан астанасы Ташкентте жастардың халықаралық форумы өтті.


Түркістан облысынан барған делегаттар Өзбекстан Республикасының жастарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында түркістандық жастар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастардың қойған сауалдарына жауап берді. Ең алдымен облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Ерасыл Төлебаев шетелде білім алудың мүмкіндіктері мен мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулар бойынша және арнайы бағдарламаларға кеңінен тоқталып өтті.

Форумда Токио Олимпиадасында бокстан қола жүлдені қанжығасына байлап, Сербияда әлем чемпионы атанған Сәкен Бибосынов спорттағы жетістік сырымен бөлісті. Сонымен қатар журналист Рысгүл Досжанова қазақ әдебиетінің маңыздылығын айтып, поэзия бағытындағы жобасы туралы сөз қозғады.

Өзбекстандық жастар өз қызығушылықтарын танытып, сауалдарын қойып, кездесуге келген түркістандықтарға алғыстарын жеткізді.

Қазақстан мен Өзбекстан жастарының басын қосқан «Ташкент жастар форумы – 2021» форумының жабылу салтанатында Өзбекстан Республикасы Президентінің жастар, ғылым, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт жөніндегі кеңесшісі Абдужаббор Абдувахитов, Жастар ісі жөніндегі агенттік директоры Әлішер Садуллаев және Ташкент қаласының әкімі Жахонгир Ортиходжаев жастарды құттықтап, жыл үздіктерін марапаттады.

Халықаралық іс-шарада опера әншісі, түрлі байқаулардың бас жүлде иегері, Түркістан облысының делегаты Мөлдір Бақытжанқызы өнер көрсетіп, жастардың ыстық ықыласына бөленді.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Quando você esquecer a senha para bloquear a tela, se você não inserir a senha correta, será difícil desbloquear e obter acesso. Se você achar que seu namorado / namorada suspeita, você pode ter pensado em hackear o telefone Samsung dele para obter mais evidências. Aqui, iremos fornecer-lhe a melhor solução para descobrir a palavra-passe do telemóvel Samsung. https://www.xtmove.com/pt/how-to-track-samsung-phone-and-hack-password-without-them-knowing/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.