ТҮРКИЯ ИНВЕСТОРЛАРЫ ШЫМКЕНТТЕ БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫН САЛУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

Республиканың ең ірі аймақтарының бірі болып табылатын Шымкент қаласы еліміздің қазіргі өнеркәсіп, сауда және мәдениет орталықтарының бірі саналады. Шымкент инвесторлар қаласы. Бұлай деуімізге себеп те, дәлел де көп. Соның бірі – күні кеше Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мурад Юстел бастаған «Aksa Energy» компаниясының өкілдерімен кездесіп, қуаттылығы 500 МВт-қа дейін аралас циклды газ зауытын салу жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойғаны. Қондырғы құрылысы биыл басталады.

Мегаполис басшысы жаңа жобаны енгізу қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізіп, қала бюджетіне қосымша кіріс әкелетінін атап өтті.

Құны 700 миллион АҚШ долларына жуықтайтын инвестициялық жобаны жүзеге асыру қала тұрғындарын сапалы электр және жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етуге бағытталғанын ерекше атап өткен жөн. Құрылыс кезінде 1000-нан астам жұмыс орны ашылады, ал іске қосылғаннан кейін 200-ден астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады.

Ғабит Сыздықбеков түрік компаниясына қалаға қызығушылық танытып, энергетикалық кешеннің дамуына тікелей инвестиция салғаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ маңызды саладағы бірлескен жобаны тез арада жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Тілге тиек етейік, Тәуелсіздік жылдар бедерінде инвесторлар өнімінің арқасында шымкенттік өзіндік брендтер қалыптасты. Олардың қатарына «Бал текстильдің» кілемдерін, «Рахат-Шымкент», «Нұртаудың» кәмпиттерін, «Люкс шуз», «Заряның» аяқ киімдерін, «Әлем-БТ-ның» шұлықтарын, «Азала текстиль», «АГФ груптің» төсек-орын жабдықтарын жатқызуға болады. Жүздеген кәсіпорынның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен 20 жоба іске асырылуда. 3 жоба Қытай елінің еншісінде болса, оншақтысы Түркияға тиесілі, қалғаны әртүрлі елдердің үлесінде.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin