Қала әкімі Әкімшілік-іскерлік орталықтағы 9 қабатты үйлердің құрылыс алаңында болды

Шымкент қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталықта 9 қабатты 56 пәтерлі тұрғын үйлердің (№41, №42, №43, 46, №47, №48 тұрғын үйлер) құрылысы жүргізілуде.


Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған көпқабатты үйлердің құрылыс алаңына барып, құрылыс сапасын бақылады.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Құрылысқа жауапты мердігер мекеме – «Югстройсервис-Н» ЖШС. Мердігер мекеме құрылысы 2019 жылы басталған нысанды биыл маусым айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Пәтерлердің жалпы ауданы – 9 345,33 шаршы метр.

Қала әкімі жауапты мердігерге құрылысты сапалы орындауды және тиісті мерзімде тапсыруды міндеттеді.

Сонымен қатар, әкімшілік-іскерлік орталықтағы 9 қабатты сегіз тұрғын үйдің инженерлік инфақұрылым құрылысы қатар жүргізілуде. Мердігер мекеме – «СМУ «БУРВОДСТРОЙ» ЖШС және «Гео Нұр Құрылыс» ЖШС.

Мұрат Дүйсенбекұлы аталған инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын аралап көрді. Жауапты мердігерлер нысандардың құрылысын 2021 жылдың шілде айында аяқтауды жоспарлауда.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.