АРЫС: «ДІН-ТӘРБИЕ ДІҢГЕГІ» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының « Арыс қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Қабылсай жалпы орта білім беретін» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 5 қазан күні директордың тәрбие ісі жөніндегі. Р. Абилханованың ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылар арасында «Дін-тәрбие діңгегі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: білімділік-ислам діні туралы мұсылмандықтың бес парызы туралы ұғындыру, имандылық туралы түсінік беру, ойлау қабілетін шыңдау, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Ашық сабаққа «Әкелер кеңесінің» мүшелері Е.Жақсылықұлы және Мейірбеков Базарбай ата, Сұлтанов Асылбек сынды қарияларымыз келіп оқушыларға дін туралы кеңінен түсіндіріп өтті және мектеп директоры Ш. Жүзжанов оқушылардың рухани тазалықтың, ар-ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі дін екенін сол қоғамда өмір сүріп отырған әрбір адам білуі шарт және де имандылық пен адамгершілікті бір ұғым деп білген жөн екендігін түсіндіріп өтті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.