«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалары бар аналарға жәрдемақы тағайындау тәртібі жеңілдетілді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау бойынша қызметті проактивті форматта алу тәртібін жеңілдетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Көпбалалы аналардың еңбегін атап өту және лайықты бағалау үшін мемлекет оларды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтайды және алқа иелері тиісті мемлекеттік жәрдемақы алады. Көпбалалы аналардың уақытын үнемдеу мақсатында министрлік 2019 жылдан бастап осы жәрдемақыны тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті проактивті форматта алуға мүмкіндік береді. Бұл әйелдерді кезекте тұрудан құтқарды, олар мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы уақытта және кез келген жерде алады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ғана SMS хабарламаға жауап бере отырып, жәрдемақыны проактивті ресімдеуге келісім береді және банк шотын растайды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті басқа да мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен түседі», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Жеңілдетілген тәртіп мемлекеттік жәрдемақыны проактивті форматта тағайындауды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Осы өзгерістердің арқасында 2021 жылы проактивті қызмет алған көпбалалы аналардың саны екі еседен астам – 9 мың адамға дейін өсті.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

193 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.