Армян көліктерін тіркеуде Шымкент үздік үштік қатарында

Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу бойынша Шымкент қаласы үздік үштікті аяқтады,1 маусымнан бастап еліміздің барлық аймақтарында бір уақытта Армения мемлекетінен әкелінген автокөліктерді тіркеу жұмыстары басталды.


Алғашқы 10 күннің нәтижесінде, Шымкент қаласы Полиция департаменті 110 автокөлікті тіркеп үлгерген. Атырау, Маңғыстау облыстарынан кейінгі үздік үштікті Шымкент қаласы жалғап отыр.

Департаменттің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу ісіне қатысты жүргізушілерге тиісті кеңес береді. Сондай-ақ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері армениялық нөмірлері бар автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерге жаднамалар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шымкенттіктер Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автокөліктерді тіркей алады. Тіркеу биыл маусымнан бастап 1 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Қаулыға сәйкес көлік құралын тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды.
Оған 695 теңге (0,25 АЕК) — тіркеу үшін алым;
3 773 теңге (1,25 АЕК)- көлік құралын тіркеу куәлігі үшін баж;
7 778 теңге (2,8 АЕК)- мемлекеттік нөмер үшін баж кіреді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.