Арыста жүзеге асқан жарқын жобалар қатары көп

Арыс қаласында «Асыл жүрек» әлеуметтік орталығына қарасты «Тең қоғам» әлеуметтік орталығы осы жылдың 18 маусымында ашылды.


Орталықта мүгедектерге және олардың отбасыларына фронт-офис режимінде психологиялық көмек, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларға бейімдеу, техникалық оңалту құралдарымен пайдалануды үйрету жүргізіледі.

Орталықтың мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсету, психологиялық қолдау бағытында кеңес беру, сурдоаудармашы қызметі, компьютерлік, цифрлық технологиялық сауат ашу, ЭЦҚ арқылы электронды қызметті пайдалануды үйрету, массаж орталығы, иога орталығы, спорттық дене шынықтыру, зияткерлік ойын түрлері мен рухани-танымдық іс-шаралар көрсетіледі.

Қазіргі таңда 250 мүмкіндігі шектеулі жан «Тең қоғам» әлеуметтік орталығының қызметін пайдалануда.

Сонымен қатар, «Ізгілік» және «Қолғабыс» қоғамдық қоры мен кәсіпкер азаматтардың көмегімен Арыс қаласында әлеуметтік дүкен ашылып, жағдайы төмен отбасылар мен көмекке зәру тұрғындарға арналған дүкенде азық-түлік пен киім-кешектен бастап тұрмыстық техника сынды көптеген заттар тегін таратылады. Атап айтқанда, ұазірге дейін 50 отбасы 400 киім-кешекпен қамтамасыз етілді. 90 отбасы тексеріліп, 68 отбасы мұқтаж деп тіркелді. 9 ана жұмыспен қамтылып, 1 ананың кәсіп ашуына қолдау қөрсетілді.

240 баласы бар 58 отбасы кәсіпкерлер мен орталық мешіттің қолдауымен азық-түлік себеттерімен және етпен қамтамасыз етілді.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.