Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова Болгария Республикасының астанасы София қаласында жасөспірімдер арасында MMA аралас жекпе-жегінен өткен әлем біріншілігіне қатысып, жүлделі орын алған спортшыларды қабылдады.
Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қала әкімдігінде өткен кездесуге жасөспірім спортшылар мен олардың жаттықтырушылары және ата-аналары да шақырылды.
Айта кетейік, 30 шілде мен 1 тамыз аралығында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігіне 23 елден 300-ден астам спортшы қатысып, Қазақстан намысын 29 спортшы қорғады. Осы сайыста арыстық жаттықтырушы Асхат Борықбаевтың қос шәкірті Аяулым Әубәкір мен Аяжан Ергентай қола жүлдеге ие болды.
Басқосуда қала әкімі Гүлжан Мамытқызы спортшылар мен жаттықтырушыға және олардың ата-аналары – Аяжан Ерзатқызының атасы Ергентай Якудаев пен Аяулым Дәуленқызының анасы Ләззат Орынбасароваға алғыс айтып, сый-құрмет көрсетті.
Айта кетейік, Болгария астанасы София қаласында 30 шілде – 1 тамыз аралығында ММА бойынша жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті. Байрақты додада 23 елден 300-ден астам спортшы бақ сынады.
«ANYQ.KZ» — ақпарат