БИЫЛ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 2379 БАЛА МЕКТЕПКЕ БАРАДЫ

Бүгін Түлкбас ауданына қарасты барлық орта білім беру ошақтарында «Білім күні» мерекесі аталып өтті.

Мерекеге орай Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт пен аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ержан Қадырбек Майтөбе елді мекеніндегі Ю.Гагарин атындағы мектепке барып, оқушылар мен ата-аналарды және ұстаздар қауымын атаулы мерекесімен құттықтады.

Аталған білім ошағында 962 оқушы білім алса, биылғы жылы 101 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отыр.

Салтанатты шараның ашылуында сөз алған аудан әкімі мектеп есігін жаңадан ашқан бүлдіршіндерімізді алғашқы білім күнімен құттықтап, жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, жемісті еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына жаңа оқу жылында сәттілік, әр бір шығармашылық бастамаларына табыс тіледі.

Шара жалғасы ән-шашуға ұласып, мектеп оқушылары ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өлең шумақтарын мәнерлеп айтып, көпшілік қошеметіне ие болды. Сонымен қатар, мектептің басқа да жас өнерпаздары өз өнерлерін көпшілікке паш етті.

Айта кетерлік, бүгінгі таңда аудан аумағындағы 60 жалпы орта білім беру мекемелерінде 23 мыңнан астам бала білім алуда. Үш ауысымдағы мектеп жоқ. Соның ішінде, биылғы жаңа оқу жылында 2379 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отыр.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.