Биыл елімізде 5 ірі халықаралық іс-шара өткізу жоспарда бар

Елімізде оқиғалық туризмді дамыту үшін Kazakhstan travel (https://kazakhstan travel/) ұлттық туристік порталы негізінде іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі әзірленді. Оған туристерді қызықтыратын түрлі форматтағы іс-шаралар кіреді. 2024 жылы күнтізбеге 137 іс-шара енгізіліп, оның 80%-ы Астана мен Алматыда өтті. Туризм және спорт министрлігі әкімдіктермен бірлесе отырып, әр облыста өтетін ірі іс-шараларды күнтізбеге енгізу жөніндегі жұмысты одан әрі тұрақты түрде жалғастырмақ. Бұл туралы ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің Туризм саласындағы жүйелі шараларды жүзеге асыру басқармасының басшысы Нұрбол Байжанов ОКҚ алаңында хабарлады.

Оның айтуынша, іс-шараларды жүйелеу маңызды. Ол үшін іс-шараларды тұрақты негізде жыл сайын өткізу, оларды халықаралық күнтізбеге қосу және жарнамалау арқылы оларға келетін шетелдік туристердің санын арттыру бағытындағы жұмысты қолға алу қажет.

«Осыған орай ҚР Туризм және спорт министрі әр аймақта туристерді тартатын жылына кем дегенде бір ауқымды іс-шара өткізуді ұсынды. Бұл әр өңірдің туризмін ілгерілетуге оң әсер береді. Оқиғалық туризммен қатар елімізде іскерлік туризмді дамытудың да әлеуеті жоғары. Бұл бағытта да нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Мәселен, Конгресстер мен конференциялардың халықаралық қауымдастығымен белсенді ынтымақтастық орнатылып, біздің тараптан жыл сайын елімізге іс-шара тарту үшін тиісті өтініштер жүзеге асырылуда», – деді спикер.

Соңғы үш жылда Қазақстан халықаралық деңгейдегі 21 іс-шараны қабылдады, ал биыл 5 ірі халықаралық іс-шара өткізу жоспарланған. Өткен жылы елімізде 5180 шетелдік делегаттың қатысуымен 14 халықаралық оқиға өтті. Орта есеппен алғанда, олардың әрқайсысы шамамен 4 мың АҚШ долларын жұмсады. Осы іс-шаралардан түскен кірістердің жалпы сомасы 20,7 миллион доллардан асты. Бұл қаражатқа ұшу, тұру, тамақтану және басқа да шығындар кіреді.

Астана іскерлік және оқиғалық туризмнің негізгі орталықтарының біріне айналуда. Алдағы уақытта бірқатар ауқымды халықаралық іс-шара өткізу жоспарланған. Мәселен, 27-28 маусымда АҚШ, Канада, Ресей, Еуропа және Азиядан 500 жетекші маман қатысатын 10-шы Дүниежүзілік нейрохирургиялық қауымдастық конгресі өтеді. Ал, 21-25 шілде аралығында Назарбаев Университеті халықаралық сарапшылар қоғамының конгресін қабылдайды, оған 1000-нан астам қатысушы келеді. 18-22 тамыз аралығында Астана IFLA Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгресін өткізу алаңына айналады. Кітапханатану саласындағы ең ірі оқиға Қазақстанда әлемнің 130-дан астам елінен 4 мыңға жуық делегатты жинамақ. Аталған МІСЕ іс-шараны өткізу Астанаға шамамен 2 млн еуро табыс әкеледі деп күтілуде. Жиынтық пайда делегаттардың тұруға, көлікке, тамақтануға және басқа да қызметтерге жұмсаған шығындарынан құралады.

Айта кетерлігі, Астанада 300-ге жуық қонақ үй бар. Олардың жиынтық нөмір қоры 10 мыңнан асады. Қалада 120-дан астам мәдени және ойын-сауық нысаны жұмыс істейді. Сонымен қатар Астана 19 елмен 27 бағыт бойынша тікелей әуе қатынасын орнатты.Биыл елімізде 5 ірі халықаралық іс-шара өткізу жоспарда бар

Елімізде оқиғалық туризмді дамыту үшін Kazakhstan.travel (https://kazakhstan travel/) ұлттық туристік порталы негізінде іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі әзірленді. Оған туристерді қызықтыратын түрлі форматтағы іс-шаралар кіреді. 2024 жылы күнтізбеге 137 іс-шара енгізіліп, оның 80%-ы Астана мен Алматыда өтті. Туризм және спорт министрлігі әкімдіктермен бірлесе отырып, әр облыста өтетін ірі іс-шараларды күнтізбеге енгізу жөніндегі жұмысты одан әрі тұрақты түрде жалғастырмақ. Бұл туралы ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің Туризм саласындағы жүйелі шараларды жүзеге асыру басқармасының басшысы Нұрбол Байжанов ОКҚ алаңында хабарлады.

Оның айтуынша, іс-шараларды жүйелеу маңызды. Ол үшін іс-шараларды тұрақты негізде жыл сайын өткізу, оларды халықаралық күнтізбеге қосу және жарнамалау арқылы оларға келетін шетелдік туристердің санын арттыру бағытындағы жұмысты қолға алу қажет.

«Осыған орай ҚР Туризм және спорт министрі әр аймақта туристерді тартатын жылына кем дегенде бір ауқымды іс-шара өткізуді ұсынды. Бұл әр өңірдің туризмін ілгерілетуге оң әсер береді. Оқиғалық туризммен қатар елімізде іскерлік туризмді дамытудың да әлеуеті жоғары. Бұл бағытта да нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Мәселен, Конгресстер мен конференциялардың халықаралық қауымдастығымен белсенді ынтымақтастық орнатылып, біздің тараптан жыл сайын елімізге іс-шара тарту үшін тиісті өтініштер жүзеге асырылуда», – деді спикер.

Соңғы үш жылда Қазақстан халықаралық деңгейдегі 21 іс-шараны қабылдады, ал биыл 5 ірі халықаралық іс-шара өткізу жоспарланған. Өткен жылы елімізде 5180 шетелдік делегаттың қатысуымен 14 халықаралық оқиға өтті. Орта есеппен алғанда, олардың әрқайсысы шамамен 4 мың АҚШ долларын жұмсады. Осы іс-шаралардан түскен кірістердің жалпы сомасы 20,7 миллион доллардан асты. Бұл қаражатқа ұшу, тұру, тамақтану және басқа да шығындар кіреді.

Астана іскерлік және оқиғалық туризмнің негізгі орталықтарының біріне айналуда. Алдағы уақытта бірқатар ауқымды халықаралық іс-шара өткізу жоспарланған. Мәселен, 27-28 маусымда АҚШ, Канада, Ресей, Еуропа және Азиядан 500 жетекші маман қатысатын 10-шы Дүниежүзілік нейрохирургиялық қауымдастық конгресі өтеді. Ал, 21-25 шілде аралығында Назарбаев Университеті халықаралық сарапшылар қоғамының конгресін қабылдайды, оған 1000-нан астам қатысушы келеді. 18-22 тамыз аралығында Астана IFLA Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгресін өткізу алаңына айналады. Кітапханатану саласындағы ең ірі оқиға Қазақстанда әлемнің 130-дан астам елінен 4 мыңға жуық делегатты жинамақ. Аталған МІСЕ іс-шараны өткізу Астанаға шамамен 2 млн еуро табыс әкеледі деп күтілуде. Жиынтық пайда делегаттардың тұруға, көлікке, тамақтануға және басқа да қызметтерге жұмсаған шығындарынан құралады.

Айта кетерлігі, Астанада 300-ге жуық қонақ үй бар. Олардың жиынтық нөмір қоры 10 мыңнан асады. Қалада 120-дан астам мәдени және ойын-сауық нысаны жұмыс істейді. Сонымен қатар Астана 19 елмен 27 бағыт бойынша тікелей әуе қатынасын орнатты.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin