БҮГІН ҚАЗАҚСТАНДА УАҚЫТ АУЫСАДЫ. НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі – UTC+5 жұмыс істей бастайды.
Тиісті қаулыға Үкімет 2024 жылдың қаңтарында қол қойған. ҚР МТИ Техникалық реттеу және метрология комитеті хабарлағандай, мұндай шешім азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың көптеген өтініштеріне байланысты қабылданған.
Сонымен қатар, бұл идея ғылыми қауымдастық тарапынан қолдау тапты. Сарапшылар қазіргі уақыт белдеуінің табиғи күн уақытына сәйкес келмейтініне сенімді. Ал бұл өз кезегінде биологиялық ырғақ пен адам денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Осылайша, Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының тұрғындарына уақытты бір сағатқа артқа ауыстыру қажет болады.
ЕСКЕРТУ: сағатты қалпына келтіру техникалық жұмыстарға байланысты байланыс пен бірқатар қызметтерде уақытша үзіліс болуы мүмкін. Атап айтқанда, Activ компаниясы 29 ақпан күні сағат 23:00-ден 1 наурыз күні таңғы сағат 06:00-ге дейін қызметтерді шектеу мүмкіндігі туралы хабарлады.
Қосымша қызметтерге серіктестер жүргізетін уақыт белдеуін өзгерту бойынша техникалық жұмыстар әсер етуі мүмкін екенін ескеріңіз, мысалы, банктер, мемлекеттік қызметтер және т.б.
Жаңа UTC +5 уақыт белдеуіне көшуге байланысты техникалық жұмыстарға байланысты мүмкін болатын шектеулерді болдырмау үшін тарифті ағымдағы жылдың 29 ақпанына дейін алдын ала төлеуді ұсынамыз», — делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламасында.
Сондай-ақ, 29 ақпан күні сағат 22:00-ден 1 наурыз күні сағат 02:00-ге дейін жүргізілетін техникалық жұмыстарға байланысты eGov мобильді қосымшасы, «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі, «Техникалық бақылау» бірыңғай ақпараттық жүйесі, e-Otinish электрондық өтініш қызметі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүргізетін басқа да мемлекеттік ақпараттық жүйелердің дерекқорларына қатысты жүйелердің жұмыстары уақытша шектеледі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin