Бәйдібек: Аудан әкімі Алмалы ауылдық округінің ардагерлерімен кездесті

Бүгін Бәйдібек ауданы әкімі Ержігіт Шәріпбеков Бәйдібек ата елді мекенінде Алмалы ауылдық округі ардагерлерімен кездесті. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 


Маңызы мол кездесуде округке қарасты елді мекендердегі біраз мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары ортаға салынды. Атап айтқанда, ауыз су, жол, электр бағаналары, білім, медицина, ветеринария салаларына байланысты бірқатар сұрақтар мен ұсыныс пікірлер айтылды.

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков округтегі биылғы жылы атқарылып жатқан және алдағы уақытта осы жылы атқарылатын жұмыстармен таныстырып өтті. Бірқатар өзекті мәселелер талқыланып, округтегі елді мекендердегі ауыз су мәселесін жеке бақылауына алғандығын, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты. Сонымен қатар аудан басшысы тұрғындарға топырақ жолдарға тас төсеу мәселесі бойынша қаржы бөлінгенін, шешімі табылатынын жеткізді. Сондай-ақ Ержігіт Шәріпбекұлы Алмалы ауылдық округіне тиісті қаржысы бөлінгендігін, осы жылы газ құбырының құрылысы басталатынын айтты.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.