Бәйдібек: Жаяу жүргіншілер көпірі демеушілер есебінен жөнделеді

Шаян ауылындағы Күлтөбе мен Ә.Жылқышиев көшелерін бөліп тұрған каналдың бойындағы тозығы жеткен жаяу жүргіншілер көпірі осы жылдың қыркүйек айына дейін демеушілер есебінен жөнделіп, қалпына келтірілетін болады.


Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бағдатбек Жанғазиев аталған жаяу жүргіншілер көпірінің аумағында жөндеу жұмыстарын жүргізуге демеушілік жасап отырған азаматтармен кездесіп, қазіргі жағдайымен танысты. Ауыл әкімі мен тиісті бөлімге бірқатар тапсырма жүктеді.

Демеушілер жаяу жүргіншілер көпіріне жөндеу жұмыстарын осы аптаның ішінде бастауды жоспарлауда.

Айта кету керек, жыл сайын облыс көлемінде тозығы жеткен және жарамсыз көпірлер кезең-кезеңімен орташа және күрделі жөндеулерден өткізілуде.

Қазіргі таңда, жөндеуді қажет ететін 6 көпірге жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

Ағымдағы жылы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Отырар, Бәйдібек, Түлкібас аудандары аумағындағы облыстық маңызы бар жолдар бойындағы 3 көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде Түлкібас, Бәйдібек аудандарындағы көпірлердің құрылысы мерзімінен бұрын биыл шілде айында толығымен аяқталып, халық игілігі үшін пайдалануға берілді.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.