Бәйдібек: Суға шомылу маусымында қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Жайма шуақ жаз мезгілінде суға шомылатындар қатары қалыңдайды. Өкінішке қарай, қауіпсіздік ережелерін ұмытып кететіндер де аз емес.


Осыған орай Бәйдібек ауданында суға шомылу маусымында қауіпсіздік ережелері түсіндірілді .

Бұл туралы Бәйдібек ауданы  әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және Ақбастау, Боралдай ауылдық округ әкімдері бірлесіп, Боралдай, Үлкенбөген өзендерінің бойында суға түсудің ережелерін және қауіпсіздігін сақтау мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Рейд барысында аталған өзендер бойындағы демалушыларға суға түсуге тыйым салынған аумақтарда шомылауға және қауіпсіздікті сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Елімізде соңғы уақытта ауа-райының күрт ысуына байланысты қайғылы оқиғалар көбінесе суға түсуге болмайтын жерге түсу, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау, балаларды қараусыз қалдыру, суға масаң күйінде шомылған кезінде ұшырап жататындығы көптеп кездесуде.

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Сондықтан алдағы уақытта ауа шомылу маусымында судағы қарапайым ережелерді сақтағандарыңыз абзал екенін ескертеді сала мамандары.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.