Бәйдібек: Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында аудандық жарыс өтті

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында аудандық жарыс өтті. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Бүгін аудандық спорт кешенінде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2007-2008 жылдары туылған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен аудандық жарыс өтті. Бозкілемді палуандар басқосқан спорттық дода ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай  ұйымдастырылып отыр.

Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі аппаратының басшысы Алмасбек Нақыпбеков пен «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков қатысып, сөз сөйлеп жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыстың мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, патриоттық сезімге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.

Нәтижелі ойын көрсеткен жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің тиісти дәрежедегі дипломдарымен, медалдармен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. I see You’re in point of fact a just right webmaster.

    The web site loading speed is incredible. It kind of feels that you’re doing any distinctive trick.
    Moreover, the contents are masterpiece. you have done a fantastic process on this subject!
    Similar here: ecommerce and also
    here: Najlepszy sklep

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.