Динара Жіпсібаева, Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары: «Үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмекке 300 өтініш білдірген болса, барлығы қамтамасыз етілді»

Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атқарып отырған жұмысы өте ауқымды.  Іс барысында уақытқа сай қандай ілгерілеу бар екендігіне көз жеткізу үшін біз бұған дейін аталмыш бөлімнің биылғы алғашқы тоқсандағы тыныс-тіршілігін қалың жұртшылықтың назарына ұсынсақ, бүгін 2022 жылдың сәуір айында атқарылған тындырымды тірліктеріне тоқталғымыз келіп отыр. Сол себепті Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Динара Жіпсібаеваны сұхбатқа тарттық.

 — Динара Әбілқасымқызы, Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халықты әлеуметтік қорғаудың 5 бағыты аясында жұмыс жүргізетіндігінен хабардармыз. Осы бес бағыт бойынша нендей алға жылжу бар екендігін тарқатып айтып берсеңіз.

— Иә, өзіңіз айтқандай, біздің бөлімнің қызметкерлері халықты әлеуметтік қорғаудың бес бағыты бойынша еңбек етіп келеді. Олар: аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау; жекеленген санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау; азаматтық хал-актілерін тіркеу; арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту; еңбек қатынастарын үйлестіру.

Алдымен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселесін тілге тиек етейін. 2022 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беруге Түркістан қаласына жалпы 1 688 052,0 мың теңге жоспарланған болатын. Оның 1 350 442,0 мың теңгесі — республикалық бюджеттен, ал 337 610,0 мың теңгесі жергілікті бюджеттен қаралды.

2022 жылдың сәуір айында Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген 1355 отбасыға (7499 адам) 70762,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы төлем жүргізілді.  

Өздеріңізге мәлім, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» №246 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы «Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» №1032 қаулысы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы» №29-ө бұйрығы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» №237-ө бұйрығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдедік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №320 бұйрығы секілді маңызды құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беру үшін «Е-GOV» порталы арқылы немесе халықтық кеңсеге барып, электронды цифрлы қолтаңбамен (ЭЦҚ) өтініш береді. Бұл ретте азамат өзімен бірге жеке басын растайтын құжатын, балаларының туу туралы куәліктерін, өтініш берушінің банктегі шот нөмірін және қажет болған жағдайда жұмыс орны бойынша растама құжаттарын ала баруы қажет.

Өтініштер бір күн ішінде Түркістан қаласының жұмыспен қамту орталығына түсіп, учаскелік комиссия төрағасына жолданады және комиссия 7 жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мұқтаж немесе мұқтаж еместігін анықтап, комиссия қорытындысымен жұмыспен қамту орталығына ұсынады. Орталық бір күн ішінде шешім жобасын қабылдап, уәкілетті органға құжаттарды хатпен жолдайды. Уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту және құжаттарды қайта қарауға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Құжаттарды қайта қарауға мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салу қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне жазбаша хабардар етіледі, сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаннан шешімі негізінде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде қазынашылық органдарына төлеуге шешім қабылдаған айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай ай сайын тағайындалған сомаларды төлем ведомосына енгізуді қамтамасыз етеді. Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу ай сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек — бұл шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға  мемлекет тарапынан ақшалай нысандағы төлем.

Шартсыз ақшалай көмек келесі тұлғаларға көрсетіледі: 

1) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысуға мүмкіндіктері шектеулі жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға төмендегі себептер бойынша:

  • зейнеткерлік жасқа толуына;
  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
  • екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты.

2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе 

Барлық еңбекке жарамды отбасы мүшелері бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын және (немесе) екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар, және (немесе) келесілерге күтім жасауды жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға:

  • үш жасқа дейінгі балаға;
  • мүгедек балаға;
  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке;
  • қарттар;
  • бөгде адамның күтімі және көмегіне мұқтаж.

Жалғыз басты және жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға, сондай-ақ құрамында еңбекке жарамды мүшесі (мүшелері) бар аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.

Кімге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады?

ҚР-да атаулы әлеуметтік көмекті жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын келесі санаттағы тұлғалар ала алады:

  • ҚР азаматтары;
  • оралмандар;
  • босқындар;
  • шетелдіктер;
  • ҚР-да тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар.

Кедейлік шегі — бұл атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін критерий ретінде белгіленетін бір адамның ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті табыстардың шегі.

«Кім әлеуметтік атаулы көмек ала алмайды?» дегенге келсек.

ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы» заңына сәйкес төмендегілердің әлеуметтік атаулы көмек алуға құқығы жоқ:

  • табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);
  • еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап 6 ай бойы;
  • алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы 6 ай бойы;
  • атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап 6 ай бойы;
  • материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері туралы да айта өтейін.

«Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы» заңына сәйкес бір адамға немесе отбасына атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін отбасының әрбір мүшесі есебінен орташа жан басына шаққандағы табыс және облыстарда белгіліенген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде уәкілетті орган есептейді. Отбасының құрамы және табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайтадан есептеледі. Ал өтініш беруші 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болуы мүмкін мән-жайлар туралы хабарлауға міндетті.

Жан басына шаққандағы орташа табыс қалай есептеледі?

Атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлғаның жиынтық табысын анықтау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылатын құжаттардың және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.

Отбасының жиынтық табысына белгіленген уақыт кезеңі ішінде ақшалай немесе заттай нысанда алынған тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмегінен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысу шеңберінде мемлекеттік қолдау іс-шараларынан басқа табыстың барлық түрлері қосылады. Әкімдіктер өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып келесілерді кіріс бермейді деп айқындауға құқылы: үй малы, құсы, жер учаскесі.

Жан басына шаққандағы орташа табыс әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі.

— Шартты атаулы әлеуметтік көмек деген болушы еді ғой…

— Жоғарыда Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмекке бюджеттен қанша қаржы бөлінгенін және қанша отбасыға тағайындалғаны жөнінде мағлұмат бердім. Оның ішінде шартты атаулы әлеуметтік көмек деген бар. Ол биылғы сәуір айында облыс орталығында 937 (5638 адам) отбасыға тағайындалса, шартсыз атаулы әлеуметтік көмек 418 отбасыға (1861 адам) берілді.

Шартты ақшалай көмек дегеніміз бұл — жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және біржолғы ақшалай төлем нысанында, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі. Ал шартсыз ақшалай көмек бұл — жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алатындар қатарындағы бір жастан алты жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген алты жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде; алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алатын, он сегіз жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға тиісті оқу жылы ішінде беріледі.

Кепілдендірілген әлеуметтік топтама тағайындауға биылғы жылға республикалық бюджеттен 335 164,0 мың теңге жоспарланып, 2022 жылдың сәуір айына 2514 балаға 27 930,0 мың теңге кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың азық-түлік себеттері тағайындалып, берілді.

Қалған айлардағы кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы беру үшін мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жарияланып, үміткер ретінде 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысқан. Атап айтқанда: «Magnum Cash&Carry» ЖШС; «Ernaiza Group» ЖШС; «ЗКА Проект» ЖШС; «Барыс 2007» ЖШС. Конкурсқа өтінім берушілердің ішінде 2 серіктестік («Magnum Cash&Carry» ЖШС, «Барыс 2007» ЖШС) біліктілік талаптарына сәйкес болмауына байланысты конкурсқа қатысудан бас тартылды. Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытынды хаттамасына сәйкес, өтінім берушілер арасынан «Ernaiza Group» ЖШС жеңімпаз болып танылған және «ЗКА Проект» ЖШС екінші орын алды.

Сонымен қатар, Түркістан қаласына қарасты 6 секторда мұқтаж отбасылардың тізімі жасақталған. «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 100 отбасы бектіліп, демеушілер есебінен «Наурыз» мерекесіне орай  азық-түлік себеттері берілді.

— Мемлекет әлеуметтік қолдауды жыл сайын күшейтіп келеді. Ол Түркістан қаласы ардагерлерінің, көпбалалы аналардың, мүгедек жандардың өмірінен оң көрініс тауып жатса керек.

— Бұл тұрғыдағы көмектің барлығы біздің бөлімнің 2-ші жұмыс бағыты арқылы жүзеге асады. Мәселен, Түркістан қаласында 13537 зейнеткер тұрады. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектерінің саны – 4, соғыс ардагерлеріне теңестірілгендердің саны – 343, тыл еңбеккерлерінің қарасы – 499, көп балалы аналардың саны — 13 172. Олардың өзін іштей түрлі санаттарға жіктейміз. Айталық, «Алтын алқа» иегерлерінің саны – 622, «Күміс алқа» тағып жүрген аналардың қарасы – 2275, «Батыр аналарымыз» — 80, 1-2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналардың саны – 112, 18 жасқа дейін 4 және одан көп баласы бар аналардың саны 10083-ке жетті. Бұл — биылғы сәуір айына тиесілі деректер.

Бұл ретте «Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 9 наурыздағы № 4/17-VII шешіміне сәйкес бір реттік қаржылай әлеуметтік көмек берілгенін де атап өткен жөн.

8 наурызда (Халықаралық әйелдер күнiне) 3089 анаға біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем жүргізілді.

Оған қоса Түркістан қаласы деңгейінде ардагерлерді сауықтыру мақсатында жолдамамен қамтамасыз етілген. Нақтырақ айтсам, 2022 жылға облыстық бюджеттен зейнеткерге 500 жолдама бөлініп («Ардагерлер» үйіне – 260 жолдама, «Мейір» ардагерлер үйіне — 240 жолдама), ағымдағы жылға «Мейір» ардагерлер үйіне — 44, «Ардагерлер» үйіне 46 жолдамамен қамтамасыз етілді. 4 ардагер басылымға тегін жаздырылды.

Жалпы, жекеленген санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау келесі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады: «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы №322-VІ Заңы, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы  №1787-ХІІ Заңы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» №39 Заңы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» №26 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» №498 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» №84 бұйрығы.

  Түркістан қаласы бойынша мүгедектігі бар азаматтардың  жалпы саны 8870 адамды құрады сәуір айында. Оның ішінде:

  • 1-топ мүгедектерінің саны – 695.
  • 2-топ мүгедектерінің саны – 3541.
  • 3-топ мүгедектерінің саны – 2907.
  • 16 жасқа дейінгі бала мүгедегінің саны – 435.
  • 8 жасқа дейінгі 1, 2, 3-ші топтардағығы бала мүгедегінің саны – 1292.

Мүгедектігі бар адам ол – тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемістіктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам. Мүгедектігі бар бала ол — тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемістіктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегіз жасқа дейінгі адам;

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту бұл — мүгедектігі бар адамдардың тіршілік-тынысының шектелуін жеңіп шығуы үшін жағдай туғызуға, олардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, әлеуметтік-тұрмыстық және ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешені.

Әлгінде айтып өткенімдей, облыс орталығындағы мүгедектердің жалпы саны 8870 болса, олардың 4456-сына оңалтудың жеке бағдарламасы бекітілген. Және барлығы толықтай электронды цифрлы қолтаңбамен қамтылған. Сәуір айында «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы техникалық көмекші құралдармен және арнайы қызметтермен қамтамасыз етіліп, өнім берушілерге төлем жүргізу жұмыстары жүргізілді. Сол тұста ОЖБ 52,4% орындалды.

Осы тұрғыда назар аударар бір мәселе, әлеуметтік қызмет көрсету процесі халыққа барынша ыңғайлы әрі оңай болуы үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер порталын 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосты.

Әлеуметтік қызметтер порталы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін дербес сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.

Портал 6-дан (инватакси қызметтерінен басқа) 5-үдерісті цифрлауды көздейді, бұл:

  • арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
  • техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету;
  • ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету;
  • жеке көмекшінің қызметін көрсету;
  • санаторий-курорттық емдеу қызметтерін көрсету.

Әлеуметтік қызметтер порталы Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде әзірленді. Бүгінгі күні мүгедектігі бар адамдар Портал арқылы 55 техникалық оңалту құралдарының (ТОҚ) 24 түрін және мемлекеттік мекемелердің арнаулы әлеуметтік қызметтеріне тапсырыс бере алады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының қызметтері және санаторлық-курорттық емдеу жатады.

Портал енгізу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, жеткізушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттырып, әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Порталда ұсынылған техникалық оңалту құралдарының 24 түрінің тізімі төмендегідей:

  1. Жейде киюге арналған құрылғы.
  2. Колготкилерді киюге арналған құрылғы.
  3. Шұлықты киюге арналған құрылғы.
  4. Түймелерді түймелеуге арналған құрылғы (ілгек).
  5. Әмбебап ұстағыш.
  6. Ыдысты ұстағыш.
  7. Қақпақтарды ашуға арналған қармауыш.
  8. Кілттерді ұстағыш.
  9. Кохлеарлы импланттарға арналған сөйлеу процессорлары.
  10. Дауыс құрушы аппарат.
  11. Сөз шығаратын термометр.
  12. Сөз шығаратын тонометр.
  13. Сөз шығаратын тест-жолақтары бар глюкометр.
  14. Брайль шрифті бойынша сөйлейтін оқулық.
  15. Брайль бойынша жиналмалы әліппе.
  16. Жіпқозғалтқыш, көру қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған тігін ине.
  17. Сіңіретін ақжаймалар (жаялықтар).
  18. Стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған герметик пастасы.
  19. Қорғаныс кремі.
  20. Сіңіргіш ұнтағы.
  21. Иіс бейтараптандырғыш.
  22. Теріге арналған тазартқыш.
  23. Дәретхана бөлмелеріне арналған тіреуіш қайырмалы тұтқалар.
  24. Ванна бөлмелеріне арналған тұтқалар.

Өнім берушілерді порталда тіркеу тәртібі мынадай:

Өнім берушіні әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуді заңды тұлғалар бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке тұлғалар жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) куәландырумен жүргізеді.

Өнім беруші тіркеуді еркін негізде Порталда электрондық түрде http://aleumet.egov.kz/ сілтеме бойынша жүргізеді.​

Порталда келесі өнім беруші тіркеле алады:

  1. Салық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ.
  2. Банкроттық не тарату рәсіміне жатпайды.
  3. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген.
  4. Міндетті сертификаттауға жататын тауарларды жеткізу кезінде сәйкестік сертификаты бар.
  5. Медициналық бұйымдарды жеткізу кезінде тіркеу куәлігі бар.
  6. Тауарларды және көрсетілетін қызметтерді өткізу үшін бағаны табыстаған өнім берушілер тіркеледі.

Өнім беруші Порталда тіркеуден келесі жағдайларда алынады:

  1. Әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы өтініш берген.
  2. Қызметі тоқтатылған немесе қайтыс болған.
  3. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу.
  4. Портал арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау.

Әлеуметтік қызметтер порталымен жұмыс істеу жөніндегі пайдаланушылардың нұсқауларын сіз https://aleumet.egov.kz/ru/support сілтеме арқылы таба аласыз.

Қызмет алушылар порталды өз бетінше немесе Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдері қызметкерлерінің көмегімен пайдалана алады.

Порталды енгізу ұсынылатын техникалық оңалту құралдары мен қызметтердің сапасын жақсартуға, оларды алудың мерзімдері мен атаулылығын қысқартуға, техникалық оңалту құралдары мен қызметтерге нақты қажеттілікті анықтауға мүмкіндік береді.

Бүгінде көрсетілетін қызметті алушылар мен жеткізушілерге арналған порталды пайдалану бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықтар әзірленген, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері үшін оқыту тренингтері өткізіліп келеді. Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану сұрақтарына тиісті Әлеуметтік-еңбек саласы бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1411 нөміріне хабарласыңыздар.

Сұхбаттың орайы келіп тұрған соң, өзекті мәселелерді де қаузай кетейін. Санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету бойынша 2312 адамға ОЖБ түзілген болатын. 2022 жылға 431 адамға жолдамаға 75 132,0 мың теңге қаржы (республика қазынасынан — 27 280,0 мың теңге, облыстық бюджеттен — 24 879,0 мың теңге, Түркістан қаласының бюджетінен — 22 973,0 мың теңге) қаралған. Сәуір айындағы мәліметке сәйкес жалпы 827 адам өтініш білдіріп, 431-і қамтамасыз етілді, 396 адам кезекте тұр және жолдамамен қамтамасыз етуге қаржы жеткіліксіз. Сондықтан мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге қосымша 425  жолдамаға  (1 жолдама құны — 175000 теңге) 74 миллион 375 мың теңге қаржы қарастыру қажеттігі айтылды. Бұл – бір. Екіншіден, өзекті мәселенің бірі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы 40 нысан  бейімдеуден өткізу белгіленген, орындалуын қамтамасыз ету. Бұл бойынша арнайы жұмысшы топ құрылып, жұмыстар атқарылуда. 40 нысанның 21 мемлекеттік, ал 19 жеке меншіктегі объектілер. Мемлекеттік меншіктегі 7 нысан бейімдеуге жататындығы анықталып, қалған нысан иелеріне кемшіліктерді жою бойынша ескерту хат берілуде.

— Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру бойынша не айтасыз?

— Түркістан қаласының АХАТ сектор қызметкерлері 2019 жылдың 25 қараша айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №64 бұйрығымен «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою» туралы қағидасымен  жұмыс жүргізеді. Бір қуаныштысы, 2022  жылдың  сәуір айында  ҚР–ның  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің  491- бабына сәйкес  әкімшілік  іс  қозғалмады, яғни неке қиюға кедергі болатын жайларды жасыру немесе азаматтық хал актілерін тіркейтін органдарға жалған мәліметтер берілгені үшін әкімшілік жауапкершілік хаттамаларын толтыруға негіздер  анықталмаған.

Айта кету керек, Қазақстан  Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы » туралы Кодексі —  неке — отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Неке (ерлі-зайыптылық) дегеніміз – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ. Ал, отбасы дегеніміз – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы.

Келіп түскен өтініштер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ Кодексінің  91-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қарым қатынастар мен құқықтық көмек туралы» Конвенцияға сәйкес (Конвенция о пpавовой помощи и пpавовых отношениях по гpажданским, семейным и уголовным делам) өзге мемлекеттерден  келіп түсетін азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты тапсырыстар ұлттық заңнамаға сәйкес  мерзімінде орындалады.

Нақтырақ айтатын болсақ, туу туралы, неке қию туралы, қайтыс болу туралы, неке бұзу туралы,  тегін, атын, әкесінің  атын  өзгерту  туралы  хал  актілерін  тіркейді. 

Атап  айтқанда, 2022   жылдың  сәуір  айында:

 

Қызмет  түрлері Атқарылған қызметтер саны
    1 Туу туралы,

оның ішінде  өлі  туылғандар

2458

32

2 Неке қию туралы,

оның  ішінде  шетел азаматтары

608

5

3 Қайтыс болу туралы,

оның ішінде 1 жасқа дейінгі өлі туылғандар

309

19

4 Неке бұзу туралы, 

оның ішінде сот шешімі бойынша

18

7

5 Тегін, атын, әкесінің  атын өзгету 7
6 Күрделі істер, оның ішінде — түзету, өзгерту және толықтыру енгізу туралы  істер 93
7 Жою туралы  істер 5
8 Тууды мерзімі өтіп тіркеу істері
9 Қайталама  куәліктер 479
10 Анықтамалар 385

— Түркістан қаласы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту саласында түйткілдер жоқ па?

— Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту келесі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады: «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңы, «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығы.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер бұл — өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені. Сондай-ақ, Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бұл — қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында үйде қызметтер көрсету ұйымдарда (бұдан әрі – үйде қызметтер көрсету ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және тәртібін белгілейді.

Сонымен қатар:

1) психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – балалар);

2) тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);

3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдарға);

5) егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, тоқтату және тоқтата тұру шарттарын айқындайды.

Бөлімінің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету» бөлімшесінде әлеуметтік 23 қызметкер жұмыс атқарады (1-меңгеруші,1-кеңесші, 25 әлеуметтік қызметкерлер). Әлеуметтік қызметкер ол — арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар қызметкер.

Үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында жеке басты қарттарды күтушілер – 6, мүгедек балаларды күтушілер – 17. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде  33  жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтар және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 100 мүгедектігі бар балалар, ал 18 жастан асқан мүмкіндігі  шектеулі 5 мүгедектігі бар азамат есепте тұрады, жалпы 138 адамға әлеуметтік  қызметтер көрсетілді.

жалғізілікті қарттар       2022 жыл Төленген қаржы
Қаралған сомасы 1212,9 404,3
Қарттар саны 33 33
1 адамга төленетін сомасы 3063 3063
  • 2022 жылы үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмекке 300 өтініш білдірген болса, барлығы қамтамасыз етілген.
Үйде оқитын мүгедек балалар 2022 жыл Төленген қаржы
Қаралған сомасы 8270,0 3672,0
Мүгедек бала саны 300 300
1 адамға төленетін сомасы 3063 3063

Жартылай стационар жағдайында оңалту бағдарламасы бойынша 2022 жылы Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не  әлеуметтік қызмет алуға 24 мүмкіндігі шектеулі  бала  кешенді қызметтермен қамтылды.         

2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 үкіметтік емес ұйым 70  ерекше балаға күндізгі бөлімшеге арнаулы  әлеуметтік қызметтерді  ұсынып келеді.

Күндізгі бөлімше

 

2022 жылға

 

Мүгедек бала саны 70
Қаралған сомасы 51376,0
Игерілген сомасы 12169,7

Осы тұрғыда Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысы туралы да тоқтала кетсем. 13 желтоқсан 2021 жылы Түркістан  қаласы әкімдігінің № 2224 Қаулысымен мүмкіндігі шектеулі және зейнет  жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін орталығы құрылды. Оның құрамында: «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі қарттар және зейнет жастағы азаматтарға  қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын жақсартумен қатар қартаю динамикасын төмендетуге кешенді сауықтыру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Жыл басынан жоспар бойынша 360 адамға қызмет көрсету жоспарланып, 240  адамға қызмет көрсетілуде,  немесе 66,6 % құрады. Көрсету мүмкіндігі бар 7 бағыт бойынша 1390   қызмет көрсетіліп келеді.

Өз-өзіне қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық, ағартушылық, тұрмыстық еңбек, әлеуметтік –демалыс және әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерін және бос уақытын пайдалы өткізудің кешенін өткізу олардың белсенді өмір салтын сақтау және дамыту көзделген.

Белсенді ұзақ өмір орталығында дәрігердің бақылау мен кеңесі бойынша психологтың көмек, тұзды бөлме, сенсорлық бөлме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет,  акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және тенис ойын алаңы, қосымша би, ән тағы басқа үйірмелер қызмет етуде.

«TEN QOGAM» бөлімшесі жеке тәсілді еңгізу және  қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді.

   Жыл басынан жоспар бойынша 300 адамға қызмет көрсету жоспарланып, 150 адамға қызмет көрсетіліп келеді немесе көрсеткіш 50% құрады. Көрсету мүмкіндігі бар 7 бағыт бойынша  517  қызмет  көрсетіліп келеді. Атап айтқанда: еңбек терапиясы, әнмен емдеу, психотренингтер, әлеуметті мәселелер бойынша заңды кеңес және сүйемелдеу және демалыс ұйымдастыру шаралары бойынша тарихи-мәдени орындарға экскурсия мен театр, концертке бару  және мерекелік мәдени іс- шаралар ұйымдастырылады.

Қызмет көрсету бойынша жеті бағытта:  қызмет көрсетіліп,  9 іс-шара өткізіліп,  жұмысқа орналасқан 10  адам, Бизнес тренинг бойынша 37 курс оқып, оның нәтежесінде 11 адам грант  ұтып алды.

— Бөлім атқаратын жұмыстың бір саласы — еңбек қатынастарын үйлестіру. Бұл бағытта қандай іс-шаралар жолға қойылған?

— Еңбек қатынастарын үйлестіру жұмыстары келесі нормативтік-құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылады: «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі ҚР Заңы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» №412 бұйрығы.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған квотаны орындау үшін жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтерді әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне толтырады және жұмыс берушілердің белгіленген квоталарды орындауы туралы ақпаратты ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдарына ұсынады.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынатын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, мамандықтар бөлінісінде бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтердің негізінде ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың және олар үшін бос жұмыс орындарының деректер базасын қалыптастырады.

Түркістан қалалық пробация бөлімі қызметі есебінде жалпы 196 адам есепте тұрады, оның ішінде 137 адамға пробациялық бақылау белгіленген.

Түркістан қаласы әкімдігінің 02 ақпан 2022 жылғы №300 «Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды,  жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарына  квоталар белгілеу туралы» қаулысы бекітіліп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға 5 мекемеге 9 орын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыу үшін 4 мекемеге 7 орынға квота белгіленген.

Ағымдағы жылдың сәуір айында пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 3  жұмыс орындарына квота бойынша жолдама берілді. Сонымен қатар, пробациялық бақылаудағы азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетілуде. Жеке кәсібін ашуға және оны дамытуға көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында Бизнесті қолдау және туризм бөлімі тарапынан өз жеке кәсіпкерлігін ашуға жеңілдетілген несиелер және гранттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түркістан қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімі тарапынан пробация қызметі есебіндегі А.Тенлибаеваның Төле би атындағы №19 жалпы орта мектепте оқитын 7, 8-сыныптардағы балалары ағымдағы оқу жылында  киім-кешекпен қамтылды.

Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған тұлғалардың рухани дамуына және патриоттық сезімін ояту мақсатында 21.03.2022 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің спорт және мәдениет бөлімімен бірлесіп Наурыз мерекесі қарсаңында спорттық және мәдени іс-шара өткізілді.

Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімі есебінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 10 сотталғанға ауқымды азық-түлік пакеті берілді.

— Уақыт тауып, сұхбат бергеніңізге рахмет!

Сұхбаттасқан: Т.ЕСЕНБАЙҰЛЫ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ad Widget

Recommended For You