Елжан Біртанов Шымкенттегі перзентхананың жұмысымен танысты

Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау басқармасына қарасты қалалық перзентханада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


 Бұл жұмыстарға жергілікті бюджет есебінен 1,7 млрд теңге қаржы бөлінген. Бүгінге дейін қаржының 50 пайызы игеріліп, тиісті жұмыстар атқарылған. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мегаполиске жасаған сапары аясында құрылыс алаңын да аралап көрді.

Ағымдағы жылы перзентхананың 6 корпусында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта  2 корпустың құрылысы толық аяқталыпты.  Бас мердігер компания  «Строи.ком Прогресс» ЖШС-гі ғимаратты ағымдағы жылдың  қазан айына дейін аяқтап, пайдалануға тапсыруды көздеп отыр.Жөндеу жұмыстарынан кейін ғимараттың материалдық-техникалық жағдайы 100 пайыз  жаңартылады. Ана мен балаға сапалы медициналық көмек көрсету мүмкіндігі артады. Босану үйінде жылына орташа есеппен 9 мың босандыру болса,  жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ол көрсеткіш  10 мыңнан асады деп күтілуде.

Қазіргі таңда жүкті әйелдер  қалалық перзентхананың ескі ғимаратында қажетті медициналық көмек алуда.  Жөндеу жұмыстары аяқталысымен жаңа бөлімшелерге көшіріледі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. 63746 965440I feel this is among the most vital information for me. And im glad reading your write-up. But wanna remark on couple of common things, The site style is perfect, the articles is really great : D. Very good job, cheers 869946

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.