Ел чемпионатында 3 алтын олжалаған түркістандық спортшы Олимпиада жолдамасына күресті жалғастырады

Талдықорғанда жүзуден Қазақстанның ашық іріктеу чемпионаты аяқталды. Жарыс 14-17 мамыр аралығында орталық бассейнде өтті.

Жүзу сайысына Өзбекстан, Тәжікстан және Нигериядан келген 24 командадан 289 жүзгіш қатысты. Түркістан облысының құрама командасы сапында су спорты түрлерінен облыстық спорт мектебінің 16 шәкірті қатысып, әртүрлі бағдарлама түрлерінен 8 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.

Елшілік додада Софья Сподаренко 50 және 100 метрге баттерфляй әдісінде чемпион болса, Аделаида Пчелинцева 50 және 100 метрге брасс әдісімен жүзуде ешкімге дес бермеді. 4х100 метрге аралас эстафетада Дарья Токтобаева, Аделаида Пчелинцева, София Сподаренко және Милана Болдыреваға тең келер ешкім болмады.

Жарыс қорытындысы бойынша Софья Сподаренко FINA рейтингінде астаналық Әділбек Мусиннен кейін екінші орынға тұрақтады. Енді Италияның Рим қаласында 19-24 маусым аралығында өтетін Олимпиада лицензиясын беретін соңғы іріктеу жарысына қатып, бағын сынайды. Софья лицензиялық жарыста лайықты өнер көрсету үшін 26 мамырда Алматы қаласында Қазақстан құрамасы сапында дайындықты бастайды.

Жүзу, спорттық жүзу – спорт түрлерінің бірі.

Спорттық жүзу жарыстары еркін (кроль), брасс, баттерфляй, шалқалап жүзу, тағы да басқа тәсілдерімен 50 метрден 1500 метр қашықтық аралығында өткізіледі. Сондай-ақ жүзудің қолданбалы, су астында жүзу, синхронды (көркемдік) жүзу т.б. түрлері болады. Жүзудің тұрмыстық, емдік, ойын түрлері де бар.

Халықаралық жүзу федерациясы (ФИНА) 1908 жылы құрылған. 1991 жылы оның құрамына 128 ел кірді. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан, дүниежүз. чемпионаттар 1973 жылдан, еуропалық чемпионаттар 1926 жылдан өткізіледі. Дене шынықтырудың бір түрі ретінде жүзумен адамдар ежелгі дәуірден бастап айналыса бастаған. Біздің жыл санауымыздың басында Римде суы жылытылатын 50×20, 100×50 метрлік үй ішіндегі бассейндер салынған. 16 ғасырдың басында жүзу спорттық сипат алды. Алғашқы жарыс 1515 жылы Венецияда өткізілді. КСРО-ның 1947 жылы Халықаралық жүзу федерациясына мүше болуы, 1952 жылдан бастап Олимпия ойындарына қатысуы жүзу спортының Кеңес Одағында, оның ішінде Қазақстанда да жедел дамуына ықпал етті.

Қазақстанда жүзу спортының дамуы Алматыда Дене тәрбиесі институтының (қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы) ашылуымен тікелей байланысты болды. Оның түлектері 1946 жылы Бүкілодақтық жоғары оқу орындары арасындағы жарысқа қатысты. 1947 жылы алғаш рет жүзуден республикалық біріншілік ұйымдастырылып (Тастақ тоғанында), оған Алматы, Атырау, Орал қалалары жүзгіштері қатысты. Сол жылы Қазақстан тұңғыш рет КСРО біріншілігінде бәсекеге түсті. 1948 жылы Алматыдағы Мәдениет және демалыс саябағында студенттердің күшімен 27 метрлік ашық бассейн жасалды, онда екінші республикалық біріншілік өтті. Ю.Кабин, В.Минаев, Б.Елқондиевтер бірнеше рет Қазақстанның чемпионы атанды. Құрамына қазақстандық Г.Николаев енген КСРО жүзгіштері 16-Олимпия ойындарында (Мельбурн, 1956) 4×200 метрлік эстафетада Кеңес Одағына алғашқы қола медальді әкелді. 1957 жылы Қарағандыда тұңғыш жабық бассейн іске қосылды. Тәуелсіз Қазақстан дербес қатысқан Барселонада өткен 25-Олимпия ойындарына (1992) 7 жүзгіш, ал Сиднейде өткен 27-Олимпияға (2000) 8 жүзгіш қосты. Олардың бәрі дерлік Азия құрлығының үздіктері аталды. Жүзу адам ағзасына тигізетін пайдалы әсері жағынан басқа спортқа қарағанда ерекше орын алады. Жүзумен тұрақты шұғылданған адамның бұлшық еті үйлесімді жетіледі, жүйке тамыры нығаяды, денедегі зат алмасу, тыныс алу мен қан айналу жүйесінің қызметі жақсарады.

Суда жүзе білу өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан бері суда жүзумен айналысып келеді. Жазғы қапырық, ыстық күндерде адамдар жүздеп, мыңдап жағажайларға — өзен-көлдердің, теңіздердің жағаларына жиналады. Судың жағасындағы таза, салқын ауа, күннің сәулесі, табиғи көгілдір өсімдіктер дүниесі демалысқа өте пайдалы. Әрине, мұның бәрі, әсіресе, жақсы жүзе білетін адамдарды ерекше рақаттандырады.

Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға батып бара жатса, оны құтқаруды да біледі.

Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы зор. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу желкен спорты және т.б. мұндай спорт түрлерімен айналысу үшін алдымен жүзіп үйрену қажет. Суда жүзудің мынадай спорттық әдіс тәсілдері бар. Кроль – еркін жүзу (етпеттеп және шалқалап), брасс және баттерфляй (баттерфляй кейде дельфин деп те аталады). Спорттық жүзудің осы түрлерімен шұғылданатын адамдар жүзу әдістерін тыңғылықты орындауға дағдыланады.

Шомылу және жүзу дене мүшелерінің сыртқы температура өзгерістерінен, салқыннан пайда болатын ауруларға шалдықпай, төзімді болуын тәрбиелейді. Өзен-көлдерде жүзу болса, күннің шуағы мен таза ауа адам денесіне күшті әсерін тигізеді.

Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді.

Суда жүзу кезінде сіздің барлық бұлшық етіңіз жұмыс жасайды. Суда біресе аяқпен, біресе қолмен жүзе алмайсыз. Бәрі бір уақытта сіздің жүзуіңіз үшін қызмет етуі тиіс. Әр бұлшық ет түрліше күш алады. Сол себепті, денеңіздің бұлшық еті өз формасына қарай қалыптасып, сымбаттылығыңыз арта түседі.

Суда жүзу омыртқа ауруларының алдын алады. Қозғалыс дене мүшелерінің қызметін арттырып, омыртқа сүйектерінің жанындағы кішкентай бұлшық еттерді «тынықтырады». Омыртқа бағанасына түскен ауырлықты тежейді. Сонымен қатар, остеохондроз ауруының алдын алып, дене бітіміңізді қалыпқа келтіреді.

Жүрек қан тамырларының жүйесі де сізге «алғыс» білдіреді. Себебі, жүзу жүрек соғысына игі әсер етіп, қан айналымын жүйеге келтіреді.

Бұл спорт түрімен машықтанған адамның тыныс алу мүшесі де жақсы қызмет атқаратын болады. Әсіресе, көкірек қуысы кеңейіп, тынысы ашылады.  

Дене температурасы қалыпты жағдайдан шықпай, иммунитетіңіз суық тиюге, тұмауға қарсы тұра алады.

Сонымен қатар, артық салмақтан арылуға көмектесетіні де бар. Көп қозғалыс пен энергияның жұмсалуының әсерінен ағзадағы калория мөлшері азая түседі. Оған қоса, жүзу кезінде омыртқаға травмотологиялық қауіп төнбейтінін ескеру керек.

Және де жүзу спорты жүйкені жұқартып, ойды мың бөлген күйзелістен арылтуға сеп болады. Суық су адам денесіндегі жағымсыз эмоция мен негативті көңіл-күйді шайып әкетеді. Бойыңызға қуат беріп, сергітеді.

Спорттық жүзу ең алғаш 15-16-шы ғасырларда пайда болды. Венецияда жүзуден ең алғашқы жарыстар 1515 жылы өтті. Ал, 1538 жылы Данияда жүзуге арналған ең алғашқы баспа жарық көрді. 1538 жылы дат азаматы П. Винманның бірінші нұсқаулығы жарыққа шықты. Жүзуден алғашқы мектептер XVIII тғасырдың екінші жартысында – XIX ғасырдың басында Германияда, Австрияда, Чехословакияда және Францияда ашылған. XIX ғасырдың ортасында алғашқы жасанды бассейндер пайда болды, бұл XIX ғасырдың соңында осы спорт түрінің кенеттен кеңінен танымал болуы еді.

1890 жылы жүзуден Европаның алғашқы біріншілігі өткізілді.1896 жылы жүзу Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіргізілді. 1896 жылы Афинада жүзуден алғашқы Олимпиадалық ойындары өткізілді, бұл ойындарда жүзудің еркін жүзу бойынша бағдарламасы енгізілді, сол кезеңдерден бастап, жүзу олимпиаданың бағдарламасына әрдайым қосылып отырды.   

Алғаш рет жарыстар ерлер арасында өткен, әйелдер арасындағы алғашқы жарыстар 1912 жылы Стокгольмде бастау алды.

1908 жылы жүзудің Халықаралық федерациясы (ФИНА) жарыс өткізуге арналған негізгі дисциплиналарды және жүзу тәртіптерін  өңдеп шығарды.

Спорттық жүзудің 4 түрі бар:

Құлаштап жүзу (кроль) – жүзудің ең жылдам түрі, аяқ пен қол арқылы кезек-кезек ауыстыра және симметриялы қозғалу арқылы жүзу. Әр сермеген сайын қолмен есу арқылы, аяқтары алма-кезек ауысып жоғары көтеріліп, төмен түсіп отырады.

Арқада құлаштап жүзу (кроль на спине) – жай құлаштап жүзуге өте ұқсайтын жүзу стилі. Спортшы аяқ-қолды кезек ауыстыра сермей отырып, аяқтары алма-кезек жоғары көтеріліп, төмен түсіп отырады, тек арқада жүзеді және су астында қолымен тіке малтиды.  

Брасс – кеудемен жүзу арқылы, аяқ-қолдары симметриялы қозғалып, су бетінде паралель жүзудің түрі. Жылдамдық көрсеткіші бойынша брасспен жүзу спорттық жүзудің түрлерінен ең соңғы орынды алады, дегенмен де  брасс қолданбалы жүзуде ерекше орын алады, себебі спортшыға дыбыс шығармастан жүзуге, су астындағы кеңістікті жақсылып қарауға мүмкіндік береді және орасан зор арақашықтыққа дейін жүзуге мүмкіндік береді.Брасс  техникасы сондай-ақ су асты жүзу кезінде де қолданылады.

Баттерфляй – жүзудегі техника жағынан ең қиын және шаршататын стильдің бір түрі. Баттерфляй арқылы жүзу кезінде екі қолды ілгері қарай бірден сермеп, кеудемен малту әдісі орындалады. Жылдамдық жағынан құлаштап жүзуден кейін екінші орында.  

Жүзуде тағы ерін жүзу әдісі бар. Бұндай жүзуде спортшы кез келген әдістің түрімен жүзуге құқылы. Қазіргі кезде спортшылардың барлығы құлаштап жүзу әдісін қолдаданды, себебі бұл әдіс ең жылдам болып саналады.  

Жүузге арналған бассейн  — спорттың суда жүзу түрлеріне арналған тіктөртбұрышты ванна. ФИНА ережелеріне сәйкес бассейіннің ұзындығы 50 метр және ені 25 метрге сәйкес келуі керек. Бассейн 8 жолаққа бөлінуі шарт. Судың температурасы 25-29 градусқа сәйкес болуы қажет. 

Қазақстанда ең алғашқы жүзуден олимпиадалық алтын иеленген спортшы – Дмитрий Игоревич Баландин.

Баландин – 200 метр арақашықтықта  брасспен жүзуден 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, 2015 жылғы Универсиада жеңімпазы. 50,100 және 200 метр брасспен жүзуде Қазақстанның рекордшысы.

Жүзу – жасөспірімдер бойының өсуіне едауір ықпал етеді, себебі жүзу кезінде адам салмақсыздық жағдайында болып, омыртқаға күш түсуден уақытша босайды.

Жүзу орталық жүйке жүйесіне де оңтайлы ықпал етеді: ашушаңдық басылады, өз күшіне деген сенімділік пайда болады, ішкі органдардың қызметі жақсарады, жүрек-қантамырлары мен тыныс алу жолдары ашылады.  

Суда көп болудың арқасында организм шыныға бастайды, организмның сыртқы ортаның жағымсыз факторларына қарсы тұруы жоғарылайды. Мамандардың пайымдауынша  24 градус температуралы суда 3-5 минут аралығында жай тұрудың өзі демалудың тереңдігін екі есеге, зат алмасуды 50-70 пайызға арттырады екен.   Осыған орай, жүзу артық салмақтан арылуға көмектесетін таптырмас спорттың түрі болып саналады.

Спорт демекші, облыс орталығында жазғы ашық алаң ойындары басталды. Дәстүрлі ұйымдастырылатын сайысқа 6 жастан 18 жасқа дейінгі сектор тұрғындары қатысуда. Олар: дойбы, секіргішпен секіру, асық ату мен тоғызқұмалақ және ләңгі тебуден бақтарын сынауда.

16-17 мамыр аралығында өтетін ойында тұрғындар арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, бұқаралық спортты дамыту көзделген.

Жарыстың алғашқы күнінде бүгін 500 тұрғын бақ сынады.

Жарысқа қатысушы үшін арнайы бекітілген мекен-жайлар бар. Ж.Жабаев атындағы мектеп алдындағы ашық алаңға; Т.Бокин көшесіндегі тұрғын үйдің ашық алаңына; Абылай хан көшесіндегі тұрғын үй ашық алаңындағы ұйымдастырушыларға барып, тіркеле аласыздар.

Айта кетейік, жарыс 16-17 мамыр күндері сағат 18:00 мен 20:00 аралығында өтеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin