Түркістан облысы: Сауран ауданында кәсіпкерлік саласында серпіліс бар

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков 10 айдың қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг берді.

Ғани Құрмашұлының мәлімдеуінше, жаңадан құрылған ауданда инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріліп отыр. 2022 жылдың 10 айында инвестиция көлемі 15,7 млрд теңгеге орындалып отыр. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласы 6,8 млрд теңгеге жетті. Ал, өңдеу өнеркәсібінде 4,4 млрд теңге болса, жыл басынан бері шағын және орта бизнес көрсеткіші 5371 субъектіге жетті.

— Тұрғындарды толғандырған мәселелер кезең-кезеңімен орындалып келеді. Бүгінде Сауран ауданында 12 ауылдық округте жалпы 35 елдімекен бар, халық саны 106 мыңнан асады. Аудан бюджеті 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жалпы 5 есеге ұлғайған. 2021 жылдың 1 қарашасына жергілікті бюджетке 110,1 млн. теңге жоспарланып 178,3,1 млн. теңге қаржы түскен, орындалуы 1,6 есеге ұлғайып отыр, — деді аудан әкімі.

Бүгінгі таңда аудандағы 14 елдімекенге су қоймаларының тозығы жеткен құрылғыларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттары әзірленіп, мердігерді анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде, осы жылдың соңына дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ал 4 ауылдық округтегі 11 елдімекенге табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыстары жүргізілген. Атап айтқанда, Үшқайық ауылдық округіне қарасты 4 елдімекенге биыл сәуір айынан бастап газ берілуде. Сонымен қатар, «Мемлекеттік жекеменшік әріптестік» (ГЧП) бағдарламасы аясында Жаңа Иқан, Шаға ауылдық округтеріне қарасты 6 елдімекенге табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 2020 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қабылдаудан өткізілген. Бүгінде екіжақты келісім-шарт түзіліп, биылғы қазан айынан бастап, Шаға ауылдық округінің 8 көшесіне газ берілді. Жыл соңына дейін қалған елдімекендерге газ берілетін болады.

— Елдімекендерді газбен қамту жұмыстары жоспарға сай іске асуда. Аудан орталығы Шорнақ елдімекенінің өзі қазір газбен қамтылған жоқ. Бұл ретте, магистральды газ құбырларын жүргізу бойынша Кентау қаласының әкімдігі тарапынан жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Шорнақ, Қосмезгіл және Еңбекші Дихан елдімекендеріндегі жаңадан қоныстанған аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2-нысанға ЖСҚ-ы әзірленіп жатыр. Биыл ауданда 36 шақырым құрайтын автожол жөндеу жұмыстары жүргізілуде, — деді Ғани Құрмашұлы.

Брифингте аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарды да атап өтті.

– Ауыл шаруашылығы аудан экономикасында жетекші орын алады. Осы ретте, бүгінгі күнге субсидия алуға 296 шаруа өтінім тапсырып, мемлекет тарапынан жалпы құны 716,4 млн теңге қаржылай қолдау алған. Алдағы уақытта жалпы құны 13 млрд 847 млн тг құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап, жер телімдерін қарастырып жатырмыз, — деді аудан басшысы.

Брифингте белгілі болғандай, ауданда кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 3 адам 15 млн. тг, АИО «Оңтүстік» микро қаржы ұйымынан 8 адам 660,3 млн. тг және «ЫРЫС» микроқаржы ұйымынан 60 адам 250,0 млн. тг несие алған. «Бизнес жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жүйнек ауылдық округінде орналасқан «DIVALUX» ЖШС кәсіпорны 370 млн. теңге несие алды.

Осы жылы Иассы ауылдық округінде орналасқан «Sem Brend» жиһаз цехы, жоба құны 300,0 млн теңге, 100 жаңа жұмыс орның қамтитын жоба іске қосылды. Одан бөлек, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан «GOLDEN Cotton» ЖШС кәсіпорны мақта талшықтарын қайта өңдейтін зауытын іске қосылды. Сондай-ақ Жаңа Иқан ауылдық округінде жоба құны 600 млн теңгені құрайтын 300 орынды жаңа мектеп «ДАРЫН КZ» ЖШС және жоба құны 1 млрд теңгені құрайтын 280 орынды жаңа мектеп «Жаңа Иқан» ЖШС-нің өз қаражасы есебінен пайдалануға берілді.

Туризм саласында да ауданда игілікті істер бар. Қазіргі таңда Ескі Сауран қалашығының аумағында «Сапар орталығының» құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Ескі Иқан ауылдық округінде кәсіпкерлердің демеушілігімен «Сапар орталығы» ашылды. Кеңірек тоқталсақ, түнеугүні Сауран ауданының Ескі Иқан ауылдық округінде «Ғашық Жүсіп ата» музейінің ашылу рәсімі өтті. Аталмыш шарада «Ғашық Жүсіп ата музейі және Иқан Ғұлама ғалымдары мирасы» атты ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Шараға Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбек, мемлекет және қоғам қайраткері Розақұл Халмұратов, осы шараны ұйымдастырушы Р.Абдусаттаров және тағы басқа көптеген қонақтар қатысты.

 «Сапар» мұражай кешенінің құрылысы 2021 жылы (авторы Рахметжан Абдусаттаров) басталып, пайдалануға беріліп отыр. Иқан ауылы «Сапар» кешені құрылысында екі мұражай залы, әкімшілік бөлме, келген қонақтардың демалыс бөлмесі, жуыну бөлмесі, демалыс аллеясы бар. Осы құрылыс және абаттандыру жұмыстары кәсіпкерлер қолдауымен жасалынған. Бұл кешен «Ғашық Жүсіп ата» зиярат орнына келетін саяхатшылар үшін сервистік қызмет ету мақсатында салынып отыр. Бұл кешенде Көне Иқан тарихы, Ғашық Жүсіп ата өмірі мен мұрасы, Иқани ғалым-ғұламалардың тарихы мен мұрасы, қазақ даласының қасиетті Түркістанның, көне Иқан өлкесі тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіншілік бар.

Шара барысында келген қонақтар «Ғашық Жүсіп ата» кесенесіне барып зиярат жасаудан бастады. Бұдан соң «Сапар» мұражайының ашылуына қатысып, оның жұмысымен танысты. «Ғашық Жүсіп ата музейі және Иқан ғұлама ғалымдары мирасы» атты конференцияға жалғасты. Шара соңында ата-бабалар рухына дастарқан жайылып, Құран бағышталды.

Жүсіп ата кесенесінің тарихына аз-кем тоқталып өтсек. Бұл кесене Түркістан қаласынан 25 шақырым қашықтықта, Ескі Иқан ауылының орталығында орналасқан. Жергілікті маңызы бар ескерткіш. Кесенеде бұрындары ешкандай археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Тек 2005 жылы кесене іргесіне зерттеулер жүргізіліп, құрылыстың іргесі ХV ғасырда қаланғандығы анықталды. Кесененің бастапқыда Қабірхана мен Жамағатхана бөлмелері ғана болған, кейіннен ХХ ғасырдың басында жергілікті тұрғындар Асхана бөлмесін тұрғызған. Жамағатхана бөлмесінің күмбезі де төбе жабыны да біздің күнімізге түпнұсқа күйінде жетпеген. Тек Қабірхана бөлмесі ғана бүтін жеткен. Кесененің негізгі өлшемдері толық сақталған және іргетас ретінде пайдаланылған алты қатар кірпіш қаландысы да жақсы жағдайда.  Жүсіп ата кесенесі қабірхана , жамағатхана бөлмелерінен тұрады және екі бөлме де күмбезделіп жабылған. Құрылыстың жалпы ұзындығы 14,2 м, ені 12,8 м, биіктігі 13,5 м. 2008-2010 жылдары «Қазқайтажаңарту» РМК тарапынан Жүсіп ата кесенесіне қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Тарихи деректерге сүйенсек, Жүсіп ата Қожа Ахмет Ясауидің замандасы, шәкірті, тағы бір аңыздарда жиені болғандығы айтылады. Ол туралы деректер көп сақталмаған. Аңыз, әпсаналар мен жергілікті көнекөз қариялардың айтуы бойынша Жүсіп атаны жергілікті халық «Ғашық Жүсіп» деп атаған. Оның мәнісі «Аллаға ғашық» дегенді білдіреді. Иқан ауылының жергілікті тұрғыны Иулдаш Нұршиддинұлының жеке мұрағатынан Жүсіп ата туралы бірқатар деректер табылған. Бұл деректерге сүйенсек Қожа Ахмет Ясауи сол заманда Яссы қаласының әкімі қызметін атқарған екен. Әкімнің бұйрығымен Жүсіп ата Иқан ауылына өкіл болып жіберіліпті. Ол кезде Иқан ауылы өзінің жүзімдерімен барлық елге танымал болған. Ахмет Ясауи Иқанға келгенде оған жүзімнің он екі түрінен жегізіпті. Сол кезден бастап Жүсіп ата сопылық ілімді толығымен меңгеріп, жоғарғы кемел дәрежесіне жетіп, әулие атанған екен.Халық арасында Жүсіп ата туралы аңыз әңгімелер жетерлік. Сондай аңыздардың бірінде: Намазға әзірлік жасап жатқан Қожа Ахмет Ясауидің суын оның шәкірті Хакім ата рұқсатсыз алып жуынып қояды. Бұған ұстазы үндемейді. Келесі күні Ахмет Ясауи Хакім атаны түйеге отырғызып, «Түйе қай жерде тоқтаса, сол жерге түсесің» деп бұйырады. Түйе Хакім атаның айқайына да қарамай, тоқтамай Әмурадария, Сырдарияны өтіп Хорезмнен бір-ақ тоқтайды. Ахмет Ясауи барлық шәкірттерін шақырып Хакім атаны кім Хорезмнен алып келе алады деп сұрағанда ешқайсысы үндемейді. Сонда Жүсіп ата тұрып Хакім атаны әкелуге келісімін береді. Сонда Ахмет Ясауи Жүсіп атаға «шатырға шық» деп бұйрық береді. Жүсіп ата шатырға шыққанда, шатыр әппақ түйеге айналады. Жолға шығар алдында Ахмет Ясауи шарт қояды. Хакім атаны әкелер кезде «қолын байлап әкелесің» дейді. Жүсіп ата жол бойы Хакім атаның қолын бос қойып, Түркістанға жақындағанда ғана қолын байлап әкеледі. Хазіреті Сұлтанның алдына келгенде ол Жүсіптің бұл ісі дұрыс емес екендігін айтады. Жаза ретінде Жүсіп атаны үш рет қамшымен ұрады. Жүсіп ата көзі ақ тірісінде әулиелік дәрежеге жеткен екен. Аңыздардың бірінде Қожа Ахмет Ясауи Жүсіп атаның үйінде болып «Сенің төртінші ұрпағың Камалиддин шайық керемет зор әулиелікке жетеді», — дейді. Сол Жүсіп атадан тараған ұрпақтары Камалиддин, Сүлеймен, одан Омар, Жиен, Сыддық деген ұрпақ қалады. Жиеннен Иқан Қожа, одан Ата қожа, одан Шарафуддин тарайды. Жергілікті көнекөз қариялардың айтуынша, 1930 жылдары Жүсіп ата кесенесінде діни кітаптар өте көп болған екен. Өкінішке орай, Кеңес үкіметі орнағаннан соң біршама кітаптар өртеніп кеткен. Бірақ кесене ішінде жерленген тұлғалардың құлпытастары толық сақталған. Олар: Сабыр ата, Құрбан ата, Жүсіп ата, Халил ата (Жүсіп атаның ұлы), Ибраһим ата, Әбдіжалил ата, Асан ата, Әбді Әзиз ата құлпытастары. Кесене ішіндегі жерленген тұлғалар «Жүсіп атаның ұрпақтары немесе шәкірттері болуы», — мүмкін деген тұжырымдар бар.

Кесене, Қабірхана және Зияратхана бөлмелерінен тұрады. XX ғасырдың бірінші жартысында жергілікті тұрғындар бас порталдың алдынан саз кесектен Асхана бөлмесін тұрғызған.Тұрғындардың айтуынша мұнда жыл сайын аллаға тасаттық беріп, мал сойылып, ас дайындалып ел Алладан көктемнің жаңбырлы болуын тілейтін болған. Аталмыш асхана  бүгінгі күнге дейін сақталмаған. Кесененің негізгі өлшемдері толық сақталған және іргетас ретінде пайдаланылған алты қатар кірпіш қаландысы да жақсы  жағдайда. Зерттеу барысында жер деңгейінен 80 см тереңдіктен  XII-XIIIғасырға тән бояулы ыдыстын фрагменті табылды.Осыған ұқсас ыдыстар Шойтөбе-Шауғар қаласын зерттеу барысында көптеп табылып, ғасыры дәл анықталған болатын.Бұдан шығатын қорытынды –біздің күнге дейін жартылай жетіп, кейіннен толығымен қайта тұрғызылған  Жүсіп Ата кесенесі — XII-XIII ғасырға тән сәулеттік құрылыс. Кесененің ең биік нүктесі зияратхана күмбезінің биіктігі шамамен 15,7 м. Ұзындығы 22,32 м. Ені 12,87 м . Зияратхана бөлмесінің ішкі ұзындығы 12,5 м. Ені 11,5 м. Күмбезінің ішкі диаметрі 7,25 м. Сыртқы диаметрі 9 м. Күмбез ортағасырлық күмбез жасау тәсілі бойынша шаршыдан сегізбұрышты барабанға, одан күмбезге өту бойынша жасалған. Аңызға сүйенсек  Жүсіп Ата көзі тірісінде әулиелік дәрежеге жеткен , жүзімнің 21 түрін өсірген бағбан болған екен. Ахмет  Ясауидің өзі оған қонақ болып бір келгенінде  төртінші ұрпағының керемет әулие болатынын болжап берген екен.

Ал Оранғай ауылдық округінде жоба құны 2 млрд. 200 млн. теңгені құрайтын емдік сауықтыру және ойын-сауық қонақ кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл қонақ үй жеке демеушілер тарапынан іске асырылуда. Аталған қонақ үй келер жылы пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Сауран ауданынан Кентау қаласына 75 мың 552 гектар және Түркістан қаласына 4831 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер облыстық мәслихаттың шешімі беріліп, Үкіметтің қарауында. Жаңа Иқан, Жібек жолы, Майдантал, Оранғай, Бабайқорған, Ескі Иқан ауылдық округтері аумағынан 259 жер иелеріне тиесілі 27 973,7 гектар жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына алынып, аталған ауыл округтерге ортақ жайылым үшін қаулы қабылданып, сәйкестендіру актісі рәсімделуде. Бұдан бөлек, 8 ауылдық округте 22,6 мың гектар жер телімдері ортақ жайылымға бекітіліп, сәйкестендіру актісі рәсімделген. Аудан көлемінде 145 жер иеленушімен, алаңы 32,3 мың гектар келісімшарт түзумен меморандум арқылы ортақ жайылымға келісілді. 2022 жылға бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, атқарылатын ортақ жайылым іс-шаралар жоспары жыл соңына дейін орындалады.

Айта кетейік, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша ауданда 7 мектептің құрылысына арнайы жер орындары белгіленіп, құжаттары рәсімделуде. Білім ордалары 2023-2024 жылдар аралығында бой көтереді деп жоспарланып отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.