Шымкент: Санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде

Шымкент қаласының аудан аумақтарында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде.


Еңбекші ауданы аумағындағы санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарына 438 жұмысшы және 60 техника жұмылдырылған. Санитарлық тазалық және қокыс алаңшаларын дезинфекциялау жұмыстары да тұрақты атқарылуда. Бұл мақсатта ұйымдастырылған техника саны – 54, жұмысшылар саны – 407.

Сондай-ақ, аудандағы жеке тұрғын үй иелерінің көшеге құм, тас және құрылыс қалдықтарын шығарып тастау мәселесі бойынша полиция тарапынан жұмысшы топ құрылып, ескертулер берілді.

Қала – ортақ үйіміз. Сол себепті де тазалыққа барлық адам жауапты. Қала тұрғындарын тазалыққа жауапкершілікпен қарауды, жұмысшылардың еңбегін бағалау, көше бойына қоқыс, құрылыс қалдықтарын тастамауға шақырамыз. Қоршаған ортаға жанашырлық таныту – азаматтық борышымыз.

Айта кетейік, қала әкімі Мұрат Әйтенов «Биылғы жылдан бастап қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету жұмыстары қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасынан төрт аудан әкімдеріне жүктелді. Бұл шешімнің басты мақсаты – жұмысты оңтайландырып, аудан әкімдерінің құзырын күшейтіп, аудан әкімі мен тұрғындар арасындағы кері байланысты нығайту болатын. Бірақ маған алдын ала берілген ақпаратқа сәйкес, қала тазалығы тиісті дәрежеде деп айтуға қиын»,-дедп атап кеткен болатын.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.