Жетісай: Аудан әкімі мемлекеттік қызметшілерді марапаттады

Қазақстан Республикасы Президентінің «Кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Жарлығындағы өзгерістерге сәйкес 23 маусым мемлекеттік қызметкерлер күні деп жарияланған болатын.


Осы атаулы датаға орай, бүгін Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында. аудан әкімі Мұрат Болатұлы елдің дамуы жолында тынбай жұмыс жасап жүрген бірнеше мемлекеттік қызметшілерді құттықтап, қалтықсыз қызметтері үшін марапаттады.

Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алқалы жиында сөз алған аудан әкімі Мұрат Болатұлы » Озық мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісін құрумен қатар елімізде заң үстемдігі мен жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Осы саясатты іске асыру әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті болып табылмақ.

Мемлекеттік қызметшінің жұмысы одан үлкен жауапкершілікті, өзін-өзі тұрақты бақылауды және төзімділікті қажет етеді. Азаматтардың мемлекеттік билікке деген көзқарасы және өмір сүру деңгейі мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасына тікелей байланысты.

Осы орайда, әріптестерімді «23 маусым – Мемлекеттік қызмешілер күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әріптестеріме мықты денсаулық, бейбітшілік, отбасыларына амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріне сәттілік тілеймін» деп жылы лебізін білдірді.

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.