Жетісай: Ауыз судың сапасы тексерілді

Адам денесінің 70 пайыздан астамы судан тұратынын ескерсек, судың сапасы денсаулыққа әсер етпей қоймайды.


Су арқылы жұғатын жұқпалы аурулар бүкіл ауданда таралуы мүмкін. Сумен таралатын жұқпалы ауруларға А, В паратифтер, дизентерия, түрлі энтериттер, мәселен энтероколиттер, жұқпалы гипатит А, тырысқақ жатады. Ұйымдастырылмаған суды тұтыну, жеткіліксіз су, қоршаған ортадағы объектілерде жұқпалы аурудың таралуы мен өмір сүруіне ыңғайлы жағдай, су тазартқыш құрылыстарындағы, су құбырындағы техникалық бұзушылықтар, қарапайым жеке гигиена ережелерін сақтамау жұқпалы аурулардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Осыған орай Жетісай аудан аумағындағы ауыз су сапасына тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізіледі. Ауыз су сапасын тексеру мақсатында ауыз су сынамалары алынып зертханалық зерттеу жүргізу үшін «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның Түркістан облысы бойынша филиалының Мақтарал аудандық бөлімшесіне жолданды. Жетісай ауданы Ынтымақ ауылдық округі Өркенді елді мекенінен алынған ауыз су сынамаларының зертханалық талдау хаттамалары қорытындысында оң нәтижелермен сәйкессіздіктер анықталмады. Ауыз су сапасы қолдануға жарамды. Бұл шара су сапасына деген талаптарды қатаң жолға қою, пайдаланып отырған суымыздың таза әрі зиянсыз екендігіне кепілдік беруге бағытталып отыр.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.