Жетісай: Жүргізушілерге эпидемиологиялық жағдайға байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлының тапсырмасына сәйкес Түркістан облысының Бас санитарлық дәрігерінің №16 қаулысының талаптарын түсіндіру мақсатында Жетісай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен Жетісай қаласы әкімдігі мамандарының, аудандық полиция бөлімі инспекторларының қатысуымен қаладағы адам тасымалымен айналысатын такси және қоғамдық көлік жүргізушілеріне рейдтік шара ұйымдастырылды.


Елдегі коронавирустық инфекцияның өріс алуына байланысты Түркістан облысының «Сары» аймаққа енуімен бұқаралық іс-шараларды, тойханаларда адам көп шоғырландырып той өткізу мен тұрғылықты мекен-жай бойынша отбасылық жиын-тойларды өткізуге қатаң тыйым салынатындығын, адамдар арасында коронавирустық инфекциялық аурудың таралуын шектеу мақсатында ауданда арнайы құрылған мобильді топ өкілдері мерекелік немесе той жиындарын өткізген азаматтарға заң шеңберінде айыппұл салу шарасын қолданатындығын ескерткен жұмысшы топ мүшелері қала ішілік және елдімекен аралық адам тасымалымен айналысатын көлік жүргізушілеріне арақашықтықты сақтау, маскалық тәртіп, залалсыздандыруға арналған антисептик құралдарының болуы секілді санитарлық талаптың қатаң сақталуын тапсырды.

«Біз бірінші кезекте сақтық шараларын өзіміз үшін, отбасымыз үшін қатаң сақтауға тиіспіз. Өйткені, бүгінгі әлемді әуреге салған індет ешкімді аяп жатқан жоқ. Covid19 пандемиясы мен вирусты пневманиядан сақтанудың тиімді тәсілі – гигиеналық-санитарлық тазалықты сақтау, маскалық режимді, карантиндік талаптарды орындау. Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде тұрғындардың басым бөлігі бетперде тағып, арақашықтықты сақтау, антисептикті пайдалану секілді ережелерді орындап жүр. Біз осындай тәртіппен ғана бір-бірімізге көмек бере аламыз, көптеген адамдардың өмірін арашалап қала аламыз. Осыны түсінулеріңіз керек» дейді шараны ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, Түркістан облысының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес облысаралық, қаларалық қоғамдық көліктердің адам тасымалына тыйым салынғанымен елді мекендерге жолаушы тасымалы қазірше тоқтай қойған жоқ.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.