Жетісай ауданы Маңғыстау облысына 74 тонна шөп жіберді

Қазақ халқының өзгелерден ерекшеленіп тұратын ең ізгі қасиеттерінің бірі қайырымдылық екені даусыз.


Осы уақытқа дейін елде қандай қиын жағдайлар орын алғанына қарамастан, біздің ел жұдырықтай жұмыла жұмыс істеп, көптеген қиын-қыстау кезеңдерді артта қалдырды. Көпке ұзамай ақ кешегі «Арыс оқиғасы» мен Мақтаарал ауданындағы су тасқыны кезінде зардап шеккен азаматтарға бүкіл ел болып көмекке келген еді. Бұның барлығы елдегі ауызбіршіліктің арқасында болып жатыр.

Айта кету керек, жауын-шашын аз түсуіне байланысты Батыс Қазақстан облысында мал азығы шөптің жеткілікті мөлшерде шықпай қалуына байланысты, қиындық туған еді. Осындай қиын кезеңде қол қусырып отырмай демеу көрсетуді ойластырған Жетісай жұртшылығы 74 тонна пресс шөпті батыс жұртына жөнелтті.

Еске сала кетейік, жуырда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес мәжілісінде жем-шөп мәселесі тапшылығын болдырмау мәселесі  талқыланды.

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.