
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Отбасы банкінің «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы басталады.
Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларының қызметкерлерін қамтиды.
Негізгі шарттары:
- Сыйақы мөлшерлемесі: әлеуметтік осал санаттар үшін 7% (ЖТСМ 7,1%-дан бастап), қалғандары үшін 9% (ЖТСМ 9,4%-дан бастап).
- Бастапқы жарна: таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үй үшін 10%-дан бастап, қара және екінші нарықтағы тұрғын үй үшін 20%-дан бастап.
- Несие сомасының ең жоғары мөлшері: өңірлерде 30 млн теңгеге дейін, Астана мен Алматыда 36 млн теңгеге дейін.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 17 наурызда басталады. Бағдарлама аясында 2025 жылы 72 миллиард теңгеге 2 440 несие беру жоспарланған.
«Наурыз жұмыскер» – бізді негізгі қажеттіліктермен қамтамасыз ететін мамандардың еңбегіне берілген құрмет.
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 3Г.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.